Дата: September 04, 2020 Раздел: Жаңалықтар Комментарий: 0

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В2 деңгейінде (мемлекеттік қызметшілердің үлесі 20%, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі В1 деңгейінде 35,5%, В2 деңгейінде 20% -ке жеткізу көзделген.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» ағымдағы жылдың 17-21 тамыз аралығында «Казтест» сертификаттық және диагностикалық тестілеуі өтеді.

17 тамыз күні карантин талаптарын сақтай отырып, бір аудиторияда 15 адамнан Тараз қаласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы 61 қызметкер, Шу ауданы бойынша 60 қызметкер, Сарысу ауданы бойынша 60 қызметкер «ҚАЗТЕСТ» тапсыруда. Ұлттық құрамы: 176 қазақ, 3 орыс, 2 күрді, 1 өзбек, 1 қытай. Барлығы: 183 адам.

Ссылка на материал: https://tilortalyq.kz/2020/09/04/%d2%9baztest-zh%d2%afjesi-bojynsha-testileu-bastaldy-2/trackback/

Leave reply:

Your email address will not be published. Required fields are marked *