Дата: 04 сентября, 2020 Раздел: Жаңалықтар Комментарий: 0

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» ағымдағы жылдың 17-21 тамыз аралығында «Қазтест» сертификаттық және диагностикалық тестілеуін өткізуде.19 тамыз күні сағ. 9.00-де карантин талаптарын сақтай отырып, бір аудиторияда 15 адамнан Тараз қаласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдарда диагностикалық тестілеуге 47 адам, Назарбаев зияткерлік мектебінен сертификаттық тестілеудің А2 деңгейіне 7 адам қатысты. Сонымен қатар, диагностикалық тестілеуге Байзақ ауданы бойынша 57, Меркі ауданы бойынша 61 тестіленуші «ҚАЗТЕСТ» тапсырды. Ұлттық құрамы: 157 қазақ, 7 орыс, 3 түрік, 2 татар, 2 әзірбайжан, 1 кәріс. Барлығы: 172 адам.

Ссылка на материал: https://tilortalyq.kz/2020/09/04/%d2%9baztest-zh%d2%afjesi-bojynsha-testileu-bastaldy-3/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *