Дата: 10 сентября, 2020 Раздел: Жаңалықтар Комментарий: 0

2020 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі күнінің онкүндігі аясында қазақ тілі тыңдаушыларымен «SÓILE» клубының «Jańarǵan Taraz» квест ойыны өтті.Ойын барысында клуб мүшелері практикалық тапсырмалар арқылы Тараздың көрнекті жерлері туралы мағлұмат алды.Тілдерді оқыту орталығынан басталған ойын «Қарахан» аллеясы, «Арбат», «Шахристан» тарихи-туристік саябағында жалғасын тапты.Тыңдаушылар тапсырманы орындамастан бұрын, алдын-ала дайындалған интеллектуалды сұрақтарға жауап берді.Ойынның соңғы бекеті «Тілдерді оқыту орталығының» мәжіліс залы болып бекітілді. Нәтижесінде, тілдік орта қалыптасып, жеңімпаз топ Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенттері Гаппасов Рустам және Биргебаев Санжар естелік сыйлықтарға ие болды.Аталмыш ойын соңында команда мүшелері тапсырманы орындау барысында кездескен қиындықтар мен орын алған қызықты жағдайларымен бөлісті.

Ссылка на материал: https://tilortalyq.kz/2020/09/10/%d2%9baza%d2%9b-tili-ty%d2%a3daushylarymen-janar%c7%b5an-taraz-kvest-ojyny-%d3%a9tti/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *