Дата: 15 сентября, 2020 Раздел: Жаңалықтар Комментарий: 0

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Тілдерді оқыту орталығы» Жамбыл ауданында 11 қыркүйек күні «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында семинар өткізілді. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін және жаңа қазақ әліпбиін үйретудің Qazalipbi.kz онлайн бағдарламасын түсіндіру, әліпбидегі таңбалармен жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің мақсаты» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингке Гродеково ауылдық округіне қарасты елді мекен тұрғындары, мекеме қызметкерлері қатысты. Шараға қатысушылар жаңа әліпбиге қатысты сұрақтар қойып, диктант жазу дағдыларын қалыптастыруға атсалысты. Жаңа әліпбиде жазылған нақыл сөздерді оқи отырып, дұрыс жазуға дағдыланды. Сонымен қатар, шараға қатысушылар ойын арқылы қатемен жұмыс жасап, сөздерде түсіп қалған әріптерді дұрыс қою арқылы білімдерін арттырды.
Іс-шара соңында қатысушалар жаңа әліпбидің қолданысқа ену мерзімін сұрап, соңғы нұсқалары туралы пікір бөлісті. Семинар-тренингке 13 адам қамтылды.

Ссылка на материал: https://tilortalyq.kz/2020/09/15/%d2%9baza%d2%9b-tilini%d2%a3-latyn-grafikasynda-%d2%9boldanyluy-ta%d2%9byrybynda-seminar-trening-%d3%a9tti/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *