Дата: 15 сентября, 2020 Раздел: Жаңалықтар Комментарий: 0

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – татулық тірегі» апталығы аясында әлеуметтік желіні қолданушылар (instagram, facebook) қатысуымен ағымдағы жылғы 8-14 қыркүйек аралығында «Өзім туралы» этнос өкілдері арасында әлеуметтік желі арқылы эссе жазу акциясын өткізді.
Өңірде тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, өзге этностардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген іс-шараға облыс бойынша 56 адам қатысты.
Акцияға қатысушылар өзінің қызығушылығы, жан-жақтылығы, ата-анасы, өмірлік ұстанымы туралы ой толғаған.
Нәтижесінде, Шу ауданынан Садретдинов Рамиль І орын, Тараз қаласынан Мехмет Юлдыз, Гаппасов Рустам ІІ орын, Бабенко Анастасия, Шу ауданынан Гусева Алла ІІІ-орын иеленді

Ссылка на материал: https://tilortalyq.kz/2020/09/15/%d3%a9zim-turaly-esse-zhazu-akcziyasy-%d3%a9z-m%d3%99resine-zhetti/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *