[cg_gallery id=»9″]
Адамға дос, генезисінде табиғат рухтарының сипаты басым бейнелер:
Аю дәу – бейнесі басқа ертегілердегі дәулермен салыстырғанда ұнамды бейнеге жатады. Ол «Аю дәу» ертегісіндегі бас қаһарман. Бұл дәу адам мен аюдың некелесуінің нәтижесінде өмірге келеді. Сол себепті де ертегіде дәуді: «Күндерде бір күні қыз аюдан бір ұл туады, ұлы күніне бір жасайтын болды, өзі дәу, өзі батыр, келбеті адам, түрі адам нәсілді болды… Мұны есіткен, баланы көрген патша қапа болып, ел-жұрттан намыс қылып, қызына «кет» деуге өз перзентіне айта алмайды, «кетпе» дейін десе, ертіп келген баласынан ел-жұрт қорқатындай, көргенде адамзаттың денесі түршігеді. Бет-аузын жүн басқан, адам қорқарлық… Оның үстіне Аю дәу бір жегенде қырық кісінің жейтұғын тамағын жейтін болды. Бір ұйықтаса, жеті күн, жеті түн ұйықтайтын, бір ұйықтамаса жеті күн-жеті түн ұйықтамайтын болды» деп сипаттайды.
Жалпы дәулердің немесе батырлардың ұйқысын ұзақ әрі қатты етіп суреттеу кейіпкердің ерекше жаратылысын танытады.
Көріп отырғанымыздай, қазақ ертегілерінде ДӘУ аталған мифтік бейнелердің атқаратын қызметі сан қырлы. Бұл бейнелерге типологиялық салыстырулар жасау арқылы ғана оның генезисін анықтай аламыз. Үш түрлі сипатта келетін бұл бейнелерді сомдаудағы қолданылған көркемдік айшықтардан ұлттық психологиямыз айқын аңғарылады.