Елімізде жаңа қазақ әліпбиіне көшу мәселесі 1990 жылдан басталғанымен, жаппай қоғамдық тұрғыда белең алуы, ол – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұлу жылғы Тәуелсіздік күнімізге орай (14.12.12) «Қазақстан – 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан кейін десек орынды шығар. Шыны керек, әлемдік дағдарыс пен бақталастық саясаттың өршіп тұрған кезінде және жас тәуелсіз мемлекетіміздің алдында талай қыруар істері тұрғанда «жаңа қазақ жазуына қолымыз жетпей қала ма, саяси тұрғыдан қолдау таппаймыз-ау» деп жүрген қайраткерлеріміздің Елбасы міндеттеген тапсырмасынан кейін, қуаныштары қоныштарына сыймай, білек сыбана кірісіп, келешек Қазақ елі үшін өте маңызды іс екендігін сан мәрте баспа беттеріне жазып та, арнайы телеарналардан айтып та, түсіндіріп те келеді. Әрине, қандай үлкен істерде болмасын сын көзбен, сақтықпен, түсінбестікпен қарайтын оң-теріс пікірлердің қалыптасуы заңдылық. Толығырақ →
