Еліміз тәуелсіздік алғанымен, тіліміз толық тәуелсіздік алған жоқ, әлі күнге орыс тіліне «тәуелді» аударма тіл болып тұр. Қазақ тіліне орыс тілінен құрылымдық интервенция күшейіп барады.
Орысшаға байланып қалған аударма – қазақ тілін бұзып жатыр. Толығырақ
Бүгінгі күні қазақ тілінің қоғамда алатын орны, оның мәртебесін арттыру және қолданыс аясын кеңейту мәселесіне келгенде тағы бір ерекше назар аударатын жайт – қазақ тілінің көрнекі ақпарат пен жарнама тілі ретінде қолданылуы. Жасыратыны жоқ, бұл салада қазақ тілі – қосалқы тіл, аударма тіл. Қазіргі таңда ақпарат құралдарының қай-қайсысында болмасын қазақ тілінде берілетін жарнаманың 99 %-ы өзге тілден, оның ішінде орыс тілінен тәржімаланатын аударма мәтін екендігі шындық.
«Ана тілі»- басылымының кезекті санындағы мына бір мақала көп жағдайдың мәнін ашып тұрғанға ұқсайды. Сол себепті біз аталмыш мақаланы сайтқа жариялауды жөн санап отырмыз. Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан артық уақыт болса да жер-су, елді-мекен атаулары осы күнге дейін дұрыс жазылып, нақты айғақтармен тарихи атаулары қайтарылмай жүр. Бұл мәселе дәл қазіргі таңда солтүстік өңірлердегі түйткілді мәселе деп айтсақ та болады. Егер мәселенің алдын алмасақ енді бір жиырма жылдықта түзетіп алу қиынға соғатыны анық. Толығырақ
Қазақтың мықты генін сақтаған ұлт зиялыларының түбіне жеткен жендеттің аты Астанадан өшірілді. Ендігі кезек – Алматыда. Толығырақ
Кісі аттарының құпиясы
Тілімізде ономастикалық атаулар – кісі аттары өзінің тегі, құрамы жағынан әр алуан болып келеді. Олардың бірсыпырасы төлтума аттар болса, бірсыпырасы ауыс, кірме аттар.
Кез келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары, топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Жер-су аттарында өте жиі кездесетін түр-түс атаулары барлық жағдайда бірдей қолданылмай, ол ұғымдардың әртүрлі табиғи жағдаймен сәйкестігін, географиялық ерекшелігін, бағыт-бағдарын, орын-жайын анықтауға қатысты қолданылады. Қазақ тіліндегі жер-су атауларының құрамында кездесетін түр-түс аттары көптеген жағдайда дүниенің төрт бұрышын, батысы мен шығысын, оңтүстігі мен солтүстігін, сондай-ақ белгілі бір географиялық нысанның, екінші бір нысанға қатыстығын, алыс-жақын, жоғары-төмен болып орналасуын анықтауы тек қазақ тіліне немесе тек қазақ халқына ғана… Толығырақ
Қазақтың қай жері де тарихтан кенде емес. Соның бірі – алты Алашқа мәшһүр асау толқынды, көгілдір айдынды Арал жері, кезінде елдің елдігін, жердің кеңдігін жаудан қорғап, даудан сақтаған батырлар мен шешендердің құтты мекені болған жер. Бүгінгі ұрпақ осынау рухани мол қазынаны зерделеп, саралап қана қоймай, әлемдік өркениет көшімен бірге ілгері адымдап келеді. Толығырақ
Көне түркі жазба ескерткіштері ескі замандардан жеткен қазақ тілі тарихының қайнар көзі болып табылады. Бұл ескерткіштерде қазіргі тілімізге қатысты көптеген элементтерді кездестіреміз. Солардың қатарында кісі есімдері де бар. Тіл табиғатына тән даму заңдылықтары нәтижесінде болған біршама өзгерістерге қарамай, қазіргі тіліміздегі есімдермен әртүрлі қырынан байланысады. Сондықтан, көне есімдер мен олардың бүгінгі тіліміздегі нұсқаларын салыстыруды қазіргі қазақ антропонимикасының алдында тұрған міндеттердің бірі ретінде тануымыз керек. Бүгінге дейін бұл бағытта зерттеулердің жүргізілгені белгілі. «Қазақ есімдерінің тарихы» атты еңбегінде ғалым Т.Жанұзақов кісі есімдерінің морфологиялық құрылымына біршама талдаулар жасаған болатын. Осы секілді зерттеу-ізденістер кейінгі ғалымдар… Толығырақ
«Бәленше көшенің қайда екенін білесіз бе?», «Ол көшенің бұрынғы атауы қалай еді?» – деген сұрақтарға бүгінгі таңда тиянақты жауап алу күннен-күнге қиындап барады. Республикамыздың басқа қалаларында, елордамыз Астанада жиі ауыстырылатын көше аттары тұрғындарға құжат ауыстыруы кезінде қиындық келтіретіні баршамызға белгілі жайт. Толығырақ
Көрнекті ғалым, профессор Нұргелді Уәлиұлы – қазақтың ономастика ғылымы туралы зерттеп жүрген ғалымдарымыздың бірі. Жуырда ғана газетімізде «Атамның аты – ауылға, көкемнің аты – көшеге» атты мақала жариялаған едік. Ономастика саласы қалай жүзеге асып жатыр. Ономастикада біз білмейтін сыр бар ма? Осы төңіректе ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының мүшесі Нұргелді Уәлиұлымен әңгімелескен едік. Толығырақ