Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Оқулықтағы олқылықтарды түзеу

2026 жылы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Кіші залында Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен  «Қазақ тілін пән ретінде оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік тапсырысы бойынша ғылымды 2012-2014 жылдары гранттық негізде қаржыландыру аясында шығарылған «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар», «Жұмсалымды грамматика», «Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы», «Түркі тілдері», «Развитие и функционирование государственного языка в суверенном Казахстане» атты бес ғылыми еңбектің таныстырылымы болды.

 Безымянный

 

Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар: (монография-оқулық). 2026 ж. 464 б.

 

Еңбек «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар» тақырыбындағы іргелі ғылыми зерттеудің нәтижесі ретінде ұсынылып отыр. Онда қазақ тілі синтаксистік құрылымының құрылымдық-мағыналық және коммуникативтік парадигмалары қамтылады. Синтаксистік бірліктер деңгейлік жіктеу сатысымен ұсынылғанмен, басқа да аспектілері баяндалады. Синтаксистік бірліктердің бұрын белгілі болған сипаттарынан тысқары жаңа қырлары мазмұндалады. Монография бірыңғай ғылым аясында қалып қоймай, білім беру саласында да қолданылуы үшін оқулыққа тән мазмұндық бөліктер (семинар, өздік жұмыс тақырыптары, тапсырмалар) енгізілді.

Кітап тіл білімі мамандарына, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналады.

 01

Жұмсалымды грамматика (монография-оқулық). 2026 ж. – 508 б.

 

 

Еңбекте функционалды грамматиканың бастау көздеріне, грамматика теорияларының қалыптасуына, функционалды және құрылымдық грамматиканың ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне, функционалды грамматиканың функция, функционалды семантикалық өріс, категориялық жағдаят ұғымдарына түсінік беріліп, қазақ тіл білімінде қарастырылған функционалды-семантикалық өрістер (аспектуальдылық, темпоральдылық, шақтық локальдылық/бейлокальдылық, таксис, модальдылық, жақтау (персональдылық), анықтық-танықтық, посессивтілік (меншіктік), болым- дылық/болымсыздық, сан-мөлшер (квантативтілік), сын дәрежесі) қамтылды. Монография негізінен функционалды грамматика саласын зерттеуші ғалымдарға арналғанымен, оған білім беру саласына (оқулыққа) тән мазмұндық бөліктер (семинар сұрақтары, өздік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалар) енгізілді.

Кітап тіл білімі мамандарына, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналады.

 04

Түркі тілдері: Ұжымдық монография / 2026 ж. – 456 б.

 

Кітапта түркі тілдес халықтардың әдеби тілдерінің қалыптасу, даму тарихы, түрлі кезеңдердегі жағдайы мен мәртебесі, бүгінгі жетілу, даму үдерісі, қолданыс аясы мен қоғамдық қызметі және болашағы қарастырылып, зерттеліп-зерделенген.

Бұл ұжымдық монография білім, ғылым жүйесі мамандарына, мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орнының профессор-оқытушыларына, студенттер мен магистранттарға, докторанттарға арналған.

 06

Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы: Монография. 2026 ж. – 428 б.

 

Монографияда еліміздегі əлеуметтік лингвистикалық мəселелер жайлы қозғалады. Онда этностар құрамы мен саны, əлеуметтік-коммуникативтік жүйедегі тілдер, этнолингвистикалық жағдаяттағы өзгерістер туралы, мемлекеттік тілдің түрлі өмір салаларындағы қызметі, проблемалары жөнінде, тілдердің қызметтік қарым-қатынастарын жоспарлау мен реттеудің тетіктері, жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы жүйелі əрі жинақы түрде мəліметтер берілген. Қазақстанда жəне оның жекелеген аймақтарында өтіп жатқан əлеуметтік-лингвистикалық құбылыстар мен үдерістерге жəне онымен байланысты əртүрлі факторларға теориялық жəне практикалық тұрғыдан арнайы түсініктеме берілген. Монографиялық еңбек лингвистер мен этнографтарға, саясаттанушыларға, студенттер мен магистранттарға, жоғары оқу орны оқытушыларына, сондай-ақ Қазақстандағы қазіргі тілдік ахуал мен тіл саясаты мəселелері қызықтыратын барлық оқырман қауымға арналған.

 

Развитие и функционирование государственного языка в суверенном Казахстане. Монография. 2026 ж. – 456 б.

 

В монографии рассматриваются проблемы развития и функционирования государственного языка в суверенном Казахстане, освещаются теоретико-мето- дологические основы функций языков в полиэтническом государстве, анализируются особенности функционирования казахского языка в сферах общественной жизни, специфика развития государственного языка в регионах Республики Казахстан, даются научно-практические рекомендации.

Монография адресуется всем, кто интересуется вопросами языковой жизни республики, студентам, магистрантам, преподавателям.

Дөңгелек үстел жұмысына 28 университеттен оқытушы-ғалымдар қатысты:

  • Әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университеті
  • ЛевГумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • СүлейменДемирел атындағы университет
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
  • Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық тілдер және әлем тілдері университеті
  • Қазақ-британ техникалық университеті
  • Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
  • Алматы менеджмент университеті
  • Халықаралық бизнес университеті
  • Шет тілдер және іскерлік карьера университеті
  • Қайнар университеті
  • А.БайтұрсынұлыатындағыТіл білімі институты
  • Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралыққазақтүрік университеті
  • М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
  • Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 
  • М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
  • Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 
  • Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
  • Қазақ-орыс халықаралық университеті
  • Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университет
  • Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
  • «Сырдария» университеті
  • Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет
  • Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет
  • Орталық Азия университеті
  • І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

    Жиында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар:

    • Қазақ тілін оқыту бойынша қазір біздің барлық күш-жігеріміз бен дәулетіміз (капитал) тек орыс аудиториясына бағытталып кеткендей көрінеді. Ал қазақ тілінің қазақ аудиториясындағы жай-күйі ескерусіз қалып қойды.
    • Нақты ғылымдарда нақтылық бар, мәселен, математикада қай деңгейде нені оқыту керек екендігі айқын, басы ашық мәселе. Бастауыш мектеп – арифметика, орта мектеп – алгебра, жоғарғы мектеп – жоғарғы математиканы (высш. мат.) оқиды. Қазақ грамматикасын оқытуда да осындай нақтылық керек.
    • Жоғарғы мектепке тек жүйені ғана емес, оның жұмсалу ортасын, қолдану заңдылықтарын қоса алып қарастыратын, оны адамның ойлау, шығармашылық әрекетімен байланыстыра қарайтын жұмсалымды грамматиканы оқыту қажет.
    • Қазіргі оқулықтарда баяғы еуроцентризмге негізделген, қазақ тілінің табиғатына сай келмейтін тұжырымдар, яғни лингвистикалық қателер өте көп.
    • 2002 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты дайындап шығарған Академиялық грамматиканың мазмұны өз атауына сай келмейді. Оны нормативтік грамматика емес, ұжымдық монография деп бағалауға болады.
    • Қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерін қайта-қайта сол күйінде шығара бермей, бүгінгі ғылымның даму тұрғысынан бағалап, ғылыми комментарий бере отырып шығару керек.
    • Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының мамандары тіл білімі пәндеріне типтік бағдарламалар бекіткенде оның тіл үйретуге ме, әлде лингвистикалық білім беруге арналғандығын ескеруі тиіс.
    • Қазақ тіл білімі бойынша жетекші жоғары оқу орындарында, мәселен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің немесе А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының базасында Мамандардың біліктілігін арттыру курсын тұрақты түрде өткізіп тұру.
    • Гранттық зерттеулер мен диссертациялық зерттеулердің жетістіктерін жаппай өндіріске (аудиторияларға) тікелей апару жолдарын қарастыру қажет.

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

  • 06Қазақтың тілін тұғырлайтын, мәңгілік ғұмырлауға жетелейтін оқулықтар шығарылды
  • Петропавл қаласында «Тіл – татулық тірегі» этнос жастарының республикалық форумы өтеді
  • Петропавл қаласында «Тіл – татулық тірегі» этнос жастарының республикалық форумы өтті
  • Хабарландыру
(Жалпы 73 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Терминдер мен ұғымдар
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминология-лық анықтамалық
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[1] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[2] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[3] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер