Инновациялық педагогикалық технологиялар: анықтамасы, сипаттамасы, түрлері.
Ғылым адам баласы ой-санасының, дүние танымының өсуіне байланысты бірте-бірте дамып, қалыптасады. Ғылымның алуан түрі бар. Соның бірі – оқытудың жаңа технологиялары ғылымы. Оқытудың жаңа технологиялары ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Оқытудың жаңа технологиялары – тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым.
Баланың қырқынан шыққанға дейінгі күтімі
Бала дүниеге келген күннен бастап қырқынан шыққанша түнде шам өшірілмейді. Мұның да өзіндік мәні бар. Бала қырқынан шыққанша шам жағып қою – баланың шошу, тұншығудан және ана мен баланы әртүрлі қауіп – қатерден сақтануы үшін қажет.
Әдетте, бала қырқынан шыққанша баланы бір күні тұзды, бір күні сабынды, кейде маралшөп салынған суғға алма-кезек шомылдырып отырады.
Баланы тұзды сумен шомылдырса, баланың денесі шымыр болып,… Толығырақ
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды.
Тамырын тереңнен тартқан осынау мейраммен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Құттықтай отырып дендеріңізге… Толығырақ
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Толығырақ
Баланы бесікке салу
Әдетте баланы бесікке баланың кіндігі түскен соң салады. Баланы бесікке салуға (бөлеуге) ерекше мән беріледі. Баланы бесікке саларда «тышты ма» ырымы жасалады. Онда баланы бесікке салуға жиналған әйелдердің біреуі: «тыштыма ма?» деп дауыстағанда, бесікті айнала отырған әйелдер: «тышты, тышты» десіп, бесіктің түбек салатын тесігінің астына тосылған қолдарға, бауырсақ, құрт, ірімшік, қант, кәмпит тастайды. Оны алған балалар таласа-тармаса жейді. Баланы алғаш бесікке балалы-шағалы, инабатты кісілердің бірі салады.
Балаға ат қою
Жаңа туылған балаға ат қою – өмірлік мән-маңызы бар, аса игілікті іс саналатындықтан, қазақ халқы балаға ат қоюға ерекше көңіл бөліп, өмір есігін ашқан әрбір перзенттің атын жалпақ жұрт силап – қадірлейтін білікті, қадірлі кісілерге қойдыруға тырысады.
Әдетте баланың атын ел-жұрт көп жиналған шілдехана үстінде қояды. Онда атын қоятын баланы: «мына балаға ат қойып беріңіз» деп көп ортасында отырған білікті кісілердің біріне ұстатқанда, әжейлер оған «бай-бақытты болсын» деп шашу шашады.
Баланы қолына алған кісі оның құлағына: Сенің атың – … ! –… Толығырақ
Кісі аттарының құпиясы
Тілімізде ономастикалық атаулар – кісі аттары өзінің тегі, құрамы жағынан әр алуан болып келеді. Олардың бірсыпырасы төлтума аттар болса, бірсыпырасы ауыс, кірме аттар.
Қазақ «сөзіне қарап кісіні таны» деген. Сөзі түзу, маржандай, тілі таза деген тіркестер осының дәлелі. Тілімізге бөтен сөздердің енуі – тіл тазалығына нұқсан келтіру деп білеміз.
Кейде күнделікті сөйлеп жүрген сөзімізге мән беріп қарамаймыз. Қай елдің тілінде, қандай мағынада сөйлеп жүрміз, құлаққа қалай естіледі деген ой жоқ. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды, дегенмен ХХІ ғ жастарының дені солай.
Есенова Ақгүлім Асыланбекқызы.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, филология факультеті
Етістіктің шақтарын оқыту жолдары
Етістік – тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі күрделі грамматикалық категория. Етістік күрделілігі оның лексика — семантикалық сипатымен, бай лексика-грамматикалық тұлғаларымен, синтаксистік қызметімен тығыз байланысты.