Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Балаға ат қою

Балаға ат қою  

Жаңа туылған балаға ат қою – өмірлік мән-маңызы бар, аса игілікті іс саналатындықтан, қазақ халқы балаға ат қоюға ерекше көңіл бөліп, өмір есігін ашқан әрбір перзенттің атын жалпақ жұрт силап – қадірлейтін білікті, қадірлі кісілерге қойдыруға тырысады.

Әдетте баланың атын ел-жұрт көп жиналған шілдехана үстінде қояды. Онда атын қоятын баланы: «мына балаға ат қойып беріңіз» деп көп ортасында отырған  білікті кісілердің біріне  ұстатқанда, әжейлер оған  «бай-бақытты болсын» деп шашу шашады.

Баланы қолына алған кісі оның құлағына: Сенің атың – … ! – деп үш рет дауыстайды да, баланың бетін ашып, көпшілікке көрсетеді. Сыртта азан шақырылады. Міне, бұл «ат қою» деп аталады. Тіліміздегі  «азан шақырып қойған аты» деген сөз тіркесі содан  қалған. Балаға азан шақырып ат қойған соң, үлкен кісілер  ақ баталарын беріп  бет сипайды.

Қазақ дәстүрінде, мейлі, туа салып  шетінеп (өліп ) кетсін, мейлі ай-күні толмай түсік болып түссін, адам бейнесін қалыптастырған балаға ат қойып жаназа шығарып жерлейді. Қазақ халқының ат қою дағдысының өзіндік мән – мағынасы  және ғылыми негізі бар, яғни қазақ халқының  ат қоюына қарап  оның таным- түсінігі, салт – санасы, арман – тілегі, сондай-ақ, этикалық талғамы мен  ұлттық болмысы өте байқалады.

Қалжа беру       

Қалжа – босанған анаға  арнаулы мал сойып беретін ет пен сорпа.Әйелдерді құрметтеп , қадірлейтін халқымыз аналар жүкті болғаннан бастап ерекше күтімдеп, оған «қалжа» деп күні ілгерірек қой әзірлеп қояды.

Жаңа босанған анаға «қалжа»  берудің үлкен маңызы бар. Яғни, қалжаға сойған малдың бауыздау қанын сәл ағызып, қалған қанын таза ыдысқа құйып алып, оны шарбы маймен араластырып қуырып, жаңа босанған анаға, дәрі ретінде береді. Піскен мойынды бөлмей мұжып, «баланың мойны тез бекісін» деп биік бір жерге ілдіріп қояды. Асықты жілікті де мұжып, сорпаға қандырады. Міне бұл «қалжа жеу» деп аталады.  Қалжа жеген әйелдер белін тез бекітіп, қол- аяғын бауырына алады. Түрлі ауыру сырқауларға қарсылық қуаты артады. Омырау сүті молайып, нәресте тез ширайды. Омырау сүтіне қанған бала есейгенде мықты болады. Сондықтан  үлкен кісілер әлжуаз жігіттерді көргенде: «Әй,сен туғанда шешең қалжа жемеп пе еді?» – деп кейістік білдіреді.

Итжейде ( иткөйлек ) кигізу

Итжейде –дүние есігін ашқан нәрестенің алғаш киетін (қырқынан шыққанға дейін) көйлегі.

Әдетте итжейдені  «кіндік шеше» немесе «кіндік әке» болған адам  нәрестеге жұмсақ кездемеден мол етіп, тігісін сыртына қаратып тігіп әкеледі. Нәрестенің ата-анасы оған көйлек, шапан кигізіп, қалжаға сойған малдың терісі мен төстігін беріп қайтарады. Бала қырқынан шыққан соң, кіндік шеше, кіндік әкелері, адал көйлек деп ресми бағалы кездемеден көйлек  тіктіріп әкеліп кигізеді.

(Жалпы 407 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Терминология-лық анықтамалық
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминдер мен ұғымдар
Мекемтас Мырзахметұлы
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[1] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[2] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[3] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Шілде (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Мау    
  1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Профиль
Соңғы пікірлер