Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Достық. Бірлік. Береке

Облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай, дарынды жастардың

шығармашылығын дамыту мақсатында «Достық. Бірлік. Береке» атты облыстық жас ақындар мүшайрасы өтті.

Байқауға Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандары мен жоғары және арнаулы оқу орындарынан 14 – 25 жас аралығындағы 27 талапкер қатысты. Жас ақындар байқау ережесіне сәйкес еліміздегі ұлттар арасындағы татулық пен бірлікті насихаттауға арналған өлеңдер оқыды.

Байқауға облыстық, республикалық мүшайраларға қатысып, жеңімпаз атанып жүрген жас ақындар мен өнер саласына бетбұрыс жасап, қабілеттерін дамытып келе жатқан жастар қатысты.

Мүшайраға қатысушыларды әділ қазылар 2 топқа бөліп бағалады.

Бірінші топ бойынша І орынға Ұлықбек Тәңірбергенов, ІІ орынға Бекжан Ержігіт, ІІІ орынға Серікхан Жүзеев ие болды. Ынталандыру сыйлығына Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті Мақсат Дауылбай лайықты деп танылды.

Екінші топ бойынша І орынға Данияр Уәлиев,ІІ орынға Елжас Әбділда, ІІІ орынға Дина Бөкебай ие болды. Ынталандыру сыйлығы Арал ауданы №220 орта мектептің 9 сынып оқушысы Гүлсайран Нүкішоваға берілді.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен, ескерткіш сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

Қызылорда облысы «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы»

МКҚК- ныңдиректоры   Нұрсауле Мусаева Дүйсембайқызы

(Жалпы 272 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Достық. Бірлік. Береке төңірегінде бір пікір бар

  • Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген . Елбасының осы сөзін іске асыруда, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Рухымыз биік, отансүйгіштік қасиетіміз жоғары болса, тіліміздің де мәртебесі үстем болмақ.
    Осы орайда, тілдерді дамытуда мол тәжірбиесі бар «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру – әдістемелік орталығы» сайтының ашылуы-өңірлердегі тіл орталықтарының тынысымен танысып, тәжірибе алмасып, өз жұмыстарымызды республика көлемінде жариялауға жол ашып отыр.
    Алдағы уақытта бірлесіп қол жеткізер жетістіктеріміз бен нәтижелі еңбектеріміз мол болуына тілектестігімді білдіремін.

    Қызылорда облысы «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы»
    МКҚК- ныңдиректорыНұрсауле Мусаева Дүйсембайқызы

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Мекемтас Мырзахметұлы
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминдер мен ұғымдар
Терминология-лық анықтамалық
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[1] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[2] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[3] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Шілде (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Мау    
  1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Профиль
Соңғы пікірлер