Ай мұрағаты: Ақпан 2015

Түр-түс атауларынан құралған топонимдер сыры

Кез келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары, топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Жер-су аттарында өте жиі кездесетін түр-түс атаулары барлық жағдайда бірдей қолданылмай, ол ұғымдардың әртүрлі табиғи жағдаймен сәйкестігін, географиялық ерекшелігін, бағыт-бағдарын, орын-жайын анықтауға қатысты қолданылады. Қазақ тіліндегі жер-су атауларының құрамында кездесетін түр-түс аттары көптеген жағдайда дүниенің төрт бұрышын, батысы мен шығысын, оңтүстігі мен солтүстігін, сондай-ақ белгілі бір географиялық нысанның, екінші бір нысанға қатыстығын, алыс-жақын, жоғары-төмен болып орналасуын анықтауы тек қазақ тіліне немесе тек қазақ халқына ғана… Толығырақ

Қазақтың сөзімен аталатын нан бар ма?

Күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде көп қолданатын сөзіміздің бірі – нан. Дегенмен осы уақытқа дейін дүкенге барып «маған бір бөлке нан беріңізші, немесе «тандыр нан, таба нан бар ма?» – деп сұрап тұрған адам баласын кездестірмедік. Сол баяғы үйреніп қалған «булка, лепешка, батон, ржаной» сынды орыс сөздерінен құтыла алмай келеміз. Қазір дүкенге барсаң нан көп. Түр-түрі толып тұр. Ал енді атауларына қараңызшы, міне, былай дейді: Бородинский черный хлеб, семиречинский, грузинский, южный, столичный, хала, лепешка, ромашка, рулетка, домашний, мраморный деп тағысын тағылар тізіліп кете береді. Дәл бір Ресей жағында жүргендейсің. Сары бидайға толы астықты… Толығырақ

Тәуелсіздік кезеңіндегі терминологияның жаңғыртылу үдерістері

Б.С.Жонкешов А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты

Тәуесіздік жылдары қазақ терминологиясын жаңғырту мәселесі жиі сөз болып келеді. Тіпті Елбасының «Қазақстан–2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында да мәселе етіп көтерілген: «Қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай, бай терминологиялық қорын жасаған соң оны рет-ретімен, кезең-кезеңімен қоғамдық өмірдің бар саласына батыл енгізуіміз керек. …Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу… Толығырақ

Кітапты жылдам оқыған жақсы ма?

Бүгінде ұмыт болып бара жатқан кітап оқу дәстүрінің адам санасына ғана емес, денсаулығына тигізер оң әсері көп екен. Жалпы, оқу барысында адамның бойында біраз өзгерістер орын алатын көрінеді. Яғни, есте сақтау қабілеті жақсарып, түйсігі жоғарылайды. Біле білсеңіз, тарихта аты қалған мықты тұлғалардың көбісі кітап оқудағы жылдамдығымен ерекшеленген. Демек, жылдам оқу әдісін дамыта түскен сайын адамның түрлі қабілеті ашылуы мүмкін. Көп оқудың пайдасы Кітап оқудың пайдасын бәріміз жақсы білеміз. Ол адамзаттың рухани азығы. Сондай-ақ ол біздің миымыз бен көзіміздің жаттығу алаңы іспетті. Оқыған сайын, мидың жұмысы жақсарады. Ал мидың дұрыс жұмыс… Толығырақ

Қазақстандағы әлеуметтік лингвистика

А.Абасилов

Тіл маманын даярлауда, олардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейту мен тереңдетуде «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі» атты жалпылингвистикалық пәндерге үлкен мән беріледі. Бұлар тіл, оның табиғаты, тарихы мен даму заңдылықтары, лингвистикалық талдау, зерттеу әдіс-тәсілдері, тіл білімінің салалары, олардың өзіндік бағыттары бойынша барынша толық теориялық мәліметтер береді. Тіл біліміндегі осындай іргелі бағыттардың бірі – қазіргі тіл ғылымында өзіндік зерттеу нысаны мен әдіс-тәсілдері қалыптасқан саласы – әлеуметтік лингвистика болып табылады. Оның бүгінгі таңдағы қол жеткен табыстары мен нәтижелері де ұлан-ғайыр. Алайда еліміздегі жоғары оқу орындарындағы жоғарыда аталған жалпылингвистикалық пәндер оқулықтарында әлеуметтік лингвистиканы… Толығырақ

Қазақстан Республикасы заңнамаларындағы мемлекеттік тіл: мәні мен маңызы, қызметі

А.Абасилов Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты

«Мемлекеттік тіл» ұғымы жаңадан пайда болған түсінік емес, ол – күллі әлемдегі елдерде ғасырлар бойында қолданылып келе жатқан бұрыннан бар ұғым. Мемлекеттік тіл – кез келген мемлекет үшін қажетті құбылыс. Демек, қандай да бір мемлекеттің өзіне қызмет ететін негізгі тілі болуы заңды құбылыс. Егемендікке қол жеткен, дамудың жаңа жолына түскен қандай да бір үлкенді-кішілі мемлекет алдымен өзіндік ішкі сыртқы саясатын айқындап алатыны белгілі. Бұл мәселе осы екі саясатта үш үрлі көрініс береді. Біріншіден, мемлекеттің сыртқы саясатында шет елдермен… Толығырақ

Қазақ тілі

                          СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ

 

«Сүйемін туған тілді анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутімнен, Құлағыма сіңірген таныс үнім. Сол тілмен шешем мені әлдилеген, Еркелеткен, құлыным, жаным деген. Сол тілменен бірінші білгізілген, «Апа» деген сүйгендік сөз һәм менен. Қалжақтап алып қашып құрбы бөркін, Сол тілменен ойнадым далада еркін. Сол тілменен бірінші сыртқа шыққам, Өмірден, ен даладан ұққам көркін. Сол тілменен білгіздім тілегімді, Бірінші сүйген жарға жүрегімді. Маған қарай тығылып «жаным» деген, Мойнына апарғанда білегімді. Сол… Толығырақ

Қошке Кемеңгерұлы және химия терминдері

Б.С.Жонкешов

«Қошке Кемеңгерұлы ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ терминологиялық қорының қалыптасуына ат салысқан ғалым. Ол 1913 жылы Омбыдағы ауылшаруашылығы училищесінің ауылшаруашылығы бөліміне түсіп, оны 1918 жылы аяқтаған. Одан кейін 1918 жылы Сібір ауылшаруашылық және өндіріс институты ветеринария факультетінің медицина бөліміне оқуға түсіп, оны төртінші курсын бітірген соң 1924 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің медицина факультетіне ауысқан. Ташкентке ауысқанна кейін ол газет-журнал жұмысына араласады, Орта Азия университетінде және Түркістан әскери училищесінде қазақ тілінен сабақ береді. Оның журналист, жазушы ретіндегі қызметі Омбыдағы ауылшаруашылығы училищесіне түскен жылдардағы газет ісіне араласқаннан басталса, тілші ретінде… Толығырақ

Тілім менің

Қазақ тілім, қасиеттім, киелім, Қамыңды ойлап алашың мен жүр елің. Бар қазаққа пана болған, жыр болған, Абай, Мұхтар, Шәкәрімнің тілі едің..

Қазақ тілім құндылығым, мұратым, Ар-намысым бетке ұстар ұятым. Қазынасы ата-бабам қалдырған Мақтанышым өр кеудемде тұратын.

Қазақ тілім салт-дәстүрім, ғұрыпым, Қайтпас қайсар халқымның рухы. Шұбарланбай өзге тілмен тең болмай, Бұзылмасын таза тілім шырқың.

Қазақ тілім, ана тілім алғашқым, «Ана» деген шықты менен алғашқы үн. Бір өзіңде жүрегіммен жыр жазып, Дос-құрбымен сен арқылы сырластым.

Қазақ тілім Жиреншедей шешенім, Төле, Қазыбек, Әйтекедей көсемім. Дауды шешкен өткір тілді сөзімен Қазағымның билері-ай кешегі.

Ана… Толығырақ

«Тіл – татулық тірегі» республикалық байқауы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірігіп 2015 жылдың 20-21 ақпанында «Тіл-татулық тірегі» атты республикалық байқау өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты – өзге ұлт өкілдерінің арасында Мемлекеттік тілді дамыту, ана тілін қолданып, ұлттық мәдениет пен этносаралық байланысты нығайту. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді мақсат тұтқан байқауға әр аудан, қала, облыстардан іріктелген 16 үміткер қатысты. Байқау 4 айналымнан тұрды. Алғашқы күні қатысушылар «Мемлекеттік тіл- бұл…» тақырыбында эссе жазып, комиссия мүшелерін бейнероликтерімен таныстырса, ал екінші күні олар туып-өскен жері мен өздерін таныстыруды бірі – қара сөз… Толығырақ

Жаңа өнімдер
Терминдер мен ұғымдар
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминология-лық анықтамалық
Мекемтас Мырзахметұлы
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[1] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[2] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[3] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Ақпан (2015)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Қаң   Нау »
  1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  
Профиль