Қазақтың қай жері де тарихтан кенде емес. Соның бірі – алты Алашқа мәшһүр асау толқынды, көгілдір айдынды Арал жері, кезінде елдің елдігін, жердің кеңдігін жаудан қорғап, даудан сақтаған батырлар мен шешендердің құтты мекені болған жер. Бүгінгі ұрпақ осынау рухани мол қазынаны зерделеп, саралап қана қоймай, әлемдік өркениет көшімен бірге ілгері адымдап келеді. Толығырақ
Б.С.Жонкешов:
– Терминология мәселесі әрқашан, әр уақытта да өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде 30 томдық қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктегі көптеген терминдер үлкен дауға айналып үлгерді. Жалпы, осы сөздік туралы айта кетсеңіз? – Дұрыс айтасыз, тіл дамуын тоқтатпайынша, терминология мәселесі өзектілігін жоймайды. Себебі жыл өткен сайын ғылым мен техниканың дамуына байланысты соған қатысты ұғымдар мен атаулар да тілімізге еніп жатады. Әр тілде пайда болып, халықаралық дәреже алған сол терминдерді қазақ тіліне қалай игеру, игергенде қазақ тілінің «қара шапанын» жаба отырып қабылдау қазіргі қазақ терминологиясының ең өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Сонымен бірге қазіргі… Толығырақ