Кез келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары, топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Жер-су аттарында өте жиі кездесетін түр-түс атаулары барлық жағдайда бірдей қолданылмай, ол ұғымдардың әртүрлі табиғи жағдаймен сәйкестігін, географиялық ерекшелігін, бағыт-бағдарын, орын-жайын анықтауға қатысты қолданылады. Қазақ тіліндегі жер-су атауларының құрамында кездесетін түр-түс аттары көптеген жағдайда дүниенің төрт бұрышын, батысы мен шығысын, оңтүстігі мен солтүстігін, сондай-ақ белгілі бір географиялық нысанның, екінші бір нысанға қатыстығын, алыс-жақын, жоғары-төмен болып орналасуын анықтауы тек қазақ тіліне немесе тек қазақ халқына ғана… Толығырақ →
