Б.С.Жонкешов А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты
Тәуесіздік жылдары қазақ терминологиясын жаңғырту мәселесі жиі сөз болып келеді. Тіпті Елбасының «Қазақстан–2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында да мәселе етіп көтерілген: «Қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай, бай терминологиялық қорын жасаған соң оны рет-ретімен, кезең-кезеңімен қоғамдық өмірдің бар саласына батыл енгізуіміз керек. …Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу… Толығырақ →
