Ай мұрағаты: Маусым 2015

Тұсау кесу

Баланың «бауырынан табақ жүгірту» ырымынан кейін, арада біраз уақыт өткен соң бала қаз тұрып, жүруге бейімделеді. Міне, осы кезде сәбидің ата-анасы «тұсау кесер» салтын өткізеді. Онда баланың аяғын ала жіп, майлы ішек және шөп тектес заттармен (орап) тұсап, білімді, өнегелі немесе ұзақ сапарларда көп болған және жүйрік, аяғы жылдам адамдардың біріне: – Жүйрік бол, шауып кет! Қадамың сәтті, бақытың тәтті болсын, бісміллә!- деп тұсауды кестіріп жібереді. Тұсауы кесілген баланы ата -анасы немесе жақын туыстарынан екі адам екі қолтығынан демеп ұстап: Толығырақ

Бауырынан табақ жүгірту

Туылғанына 5-6 ай болып, талпына бастаған сәбиді тез аяқтансын деген мақсатпен туған-туыс, көрші-қолаңды шақырып, баланың «Бауырынан табақ жүгірту» ырымын өткізіледі. Онда ауылдың өнегелі, инабатты кісілерінің бірі арнаулы дайындалған бір табақ асты қолына алып, оны талпынып тұрған баланың оң жағынан сол жағына, сол жағынан оң жағына қарай өткізіп:

-Балапандай талпын да, Аршында, бөпем, аршында! Желмаядай желгек бол, Қас тұлпардай сергек бол!- деген игі білдіріп, табақтағы астан алдымен баланың өзіне дәм татқызып, қалған асты жиналған жұрт бөлісіп жеп, балаға ақ баталарын береді. Міне, бұл «Бауырынан табақ жүгірту» деп аталады. «Бауырынан табақ жүгіртудің»… Толығырақ

Қазақстанның келешектегі кемел жазуы жайлы

Елімізде жаңа қазақ әліпбиіне көшу мәселесі 1990 жылдан басталғанымен, жаппай қоғамдық тұрғыда белең алуы, ол – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұлу жылғы Тәуелсіздік күнімізге орай (14.12.12) «Қазақстан – 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан кейін десек орынды шығар. Шыны керек, әлемдік дағдарыс пен бақталастық саясаттың өршіп тұрған кезінде және жас тәуелсіз мемлекетіміздің алдында талай қыруар істері тұрғанда «жаңа қазақ жазуына қолымыз жетпей қала ма, саяси тұрғыдан қолдау таппаймыз-ау» деп жүрген қайраткерлеріміздің Елбасы міндеттеген тапсырмасынан кейін, қуаныштары қоныштарына сыймай, білек сыбана кірісіп, келешек Қазақ елі үшін өте маңызды іс екендігін сан мәрте баспа беттеріне жазып та, арнайы телеарналардан айтып та, түсіндіріп те келеді. Әрине, қандай үлкен істерде болмасын сын көзбен, сақтықпен, түсінбестікпен қарайтын оң-теріс пікірлердің қалыптасуы заңдылық. Толығырақ

Қаһармандарды суреттеу ұстанымдары

Зұфар Сейітжанов, филология ғылымдарының докторы, профессор

Ақын, жыршылар батыр бейнеленетін (кейде жауларында) кескіндеп суреттегенде оларды белгілі бір қалыпқа келтіреді. Көбіне батырларды бір тұрғыдан суреттейді. Сөйтіп батырлардың даралық қасиеттерінен гөрі көркемдік жинақтау арқылы жасалатын жалпылау сипаты басым болады. Батыр бейнесін «типтік» сипатқа келтіру үшін әр түрлі әдіс-тәсілмен көркемдеу құралдары пайдаланылады. Соның бірі – теңеу. Басқаша айтқанда, эпикалық образ жасауда теңеу ерекше мәнге ие. Алайда, көркемдеу құралдар жайдан жай туа салмайды, халық өмірімен тығыз байланыста болады. Белгілі бір дәуірдің түсінігі мен эстетикалық талап-талғамына сай жасалады. «Айтушы мен тыңдаушылар баяндалып отырған оқиғалар мен батырлардың іс-әрекетін ашық және тура бағалайтындығына сай көркемдеп бейнелеу құралдары пайда болады. Сөйтіп қай батырды болмасын, қай сұлу қызды болмасын «универсалды» эпитеттер, теңеулер, формулалық сипаттаулар пайда болады»[1]. Толығырақ

Ашық сабақ: «Бұқаралық ақпарат құралдары»

Лексикалық тақырып: Бұқаралық ақпарат құралдары

Грамматикалық тақырып: Өткен тақырыптарды қайталау

Сабақтың мақсаты:

  • Тіл үйренушілердің тілдік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу, сөз саптау, сауатты жазу деңгейлерін дамыту. Өз бетінше жұмыс жасату арқылы игерген мәліметтерді қайтарып алу.

Толығырақ

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы мәреге жетті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау белсенділігін арттыру мақсатында Баспасөз күніне орай 2015 жылғы 24 маусымда «Тілеп Қобыз Сарайында» «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Толығырақ

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары 24 маусымда марапатталады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау белсенділігін арттыру мақсатында Баспасөз күніне орай 2014 жылғы 24 маусымда «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізеді. Толығырақ

Жаңа өнімдер
Терминология-лық анықтамалық
Терминдер мен ұғымдар
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Мекемтас Мырзахметұлы
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[1] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[2] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[3] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Маусым (2015)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Мамыр   Шлд »
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30  
Профиль