Қазақтану

«Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты суретшілер арасында өткізілген республикалық байқаудың қорытындысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігі 

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті

Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық  үйлестіру-әдістемелік орталығы

«Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты суретшілер арасында өткізілген республикалық байқауды қорытындылау шарасының Толығырақ

Балаға ұлттық мұраны сіңіру жолдары

«Ерте, ерте, ерте екен,Ешкі жүні келте екен,Бөрі бөкеуіл екен,Түлкі жасауыл екен, – деп басталатын ертегі әлемін қиялымен аралап,   әжесі мен атасының қойнында жатып ертек тыңдайтын бала қазір қалмады десек артық айтқандық болмас. Толығырақ

Маңызы зор жоба

Еліміз тәуелсіздігін алған уақыттан бері халық ауыз әдебиетін, оның ішінде фольклорлық проза жанрларын зерттеу мәселесі жан-жақты қолға алынып, бұл үрдіс одан әрі өркендей түсті. Белгілі фольклортанушы ғалым С.А.Қасқабасов салып кеткен сара жолмен қазақтың халық прозасы одан әрі толымды түрде зерттеліп, біршама зерттеу еңбектері жарық көрді. Олар – миф, ертегі, аңыз, әңгіме, хикая жанрларына байланысты еңбектер. Толығырақ

Ш.Шаяхметов атындағы Республикалық тілдерді дамыту орталығының жобалық жұмысына пікір – Рақыш Жұмашай Сайлауқызы

Ш.Шаяхметов атындағы Республикалық тілдерді дамыту орталығының жобалық жұмысына ПІКІР

Қазақтың ұлттық болмысы, тілі, мәдениеті, тарихы атадан-балаға мирас болып келе жатқан аңыз-әңгімелерінде, батырлық жырларында, ертегілері мен шешендік сөздерінде, жұмбақтары мен жаңылтпаштарында сақталған. Қазақ халқының рухани мол қазынасын, том-том болып жарық көрген қазақ фольклорының інжу-маржандарын ондағы басты қаһармандардың бейнесі арқылы танытып, жаһандану дәуірінде жас ұрпақтың санасына ұлттық рух, ұлттық идеяны сіңіру қажет. Біздің халық бойына ұлттық құндылықтарды молынан жинақтаған ауыз әдебиеті мұрасын бүгінге дейін сақтап келді. Сол мұраны бүгінгі жас ұрпақтың санасына жеткізу үшін, рухани мұра мен ұлттық құндылықтарымызды ұлттық болмыстағы фольклор кейіпкерлері арқылы көбірек насихаттауға, рухани қажеттілікке айналдыруға болады. Толығырақ

«Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты ғылыми жобасының мифологиялық кейіпкерлерге берілген мәтіндік зерттеуіне пікір – Ш.Шортанбаев

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әлеуметтік және қоғамдық гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері мен пәнаралық зерттеулері нысаны бойынша 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру негізінде орындалып жатқан «Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты ғылыми жобасының мифологиялық кейіпкерлерге берілген мәтіндік зерттеуіне

ПІКІР

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Ш.Шортанбаев

Бұл зерттеуде көне мифологиялық кейіпкерлер жайында талдаулар жасалып,олардың мәтіндегі бейнесі жан-жақты қарастырылған. Мифологиялық кейіпкерлердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, олардың  бейнесін  толыққанды етіп салу үшін қыруар еңбек тындырған. Албастының адамға қаскөйлігіне негіз болатын мәтіндер дұрыс іріктеліп алынған. Қазақ фольклорындағы диюлар, дәулер мен алыптардың  пайда болуы мен эволюциялық өзгерісі жан-жақты түсіндірілген.  Мәселен, диюға тән сиқырлы күш, алыптардың дене бітіміндегі өзгешелік, дәулердің жалғыз көзді, кейде екі басты болып суреттелуінің себептерін дәлелдеп, ғылыми тұрғыда сипаттап беруге, жан-жақты ашып көрсетуге талпынған. Толығырақ

«Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты ғылыми жобасының тұжырымдамасы

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен  Әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері мен пәнаралық зерттеулері нысаны бойынша 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру негізінде орындалатын

«Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты ғылыми жобасының

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Толығырақ

Фольклорлық кейіпкерлерді біріздендірудің тәрбиелік мәні

«Ел қазынасы – ескі сөз» деген нақылды ата-бабамыз тегін айтпаса керек. Алтын көмбе – халық ауыз әдебиетімен сусындамай өскен алдыңғы толқын ағалар жоқ десек қателеспейміз. Кейінгі толқын інілер легі көркем әдебиетті рухани азық еткенімен, еліміздің ертеңі деп отырған жастардың кітаптан гөрі компьютерді дос санайтынын мойындауға тиіспіз.   Ал, бүгінгі бүлдіршіндердің ойнайтын ойыншықтарының Шрек, Naruto, Халк, Монстр Хай, Кун Фу Панда, Скуби-ду, Смешарики болуы, қарайтын мультфильмдерінің «Бэн-10», «Құбыжықтар мектебі», «Маша мен аю», «Фиксики», «Сам-сам» т.б. болып келуі көкірек көзі ашық азаматтың кез келгенін қынжылтары анық. Өйткені өзге халықтың фольклорлық қаһармандарын көрсету арқылы біз сәби санасын қазақылықтан алшақтатып жатырмыз. Толығырақ

«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы ережесі

«Инновациялық технологияны пайдалану арқылы фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» мақсатында кәсіби және әуесқой суретшілер арасында байқау өткізу

ЕРЕЖЕСІ

Толығырақ

Жаңа өнімдер
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминдер мен ұғымдар
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминология-лық анықтамалық
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[1] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[2] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[3] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Наурыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Ақп    
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31  
Профиль