Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

«Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты ғылыми жобасының мифологиялық кейіпкерлерге берілген мәтіндік зерттеуіне пікір – Ш.Шортанбаев

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әлеуметтік және қоғамдық гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері мен пәнаралық зерттеулері нысаны бойынша 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру негізінде орындалып жатқан «Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты ғылыми жобасының мифологиялық кейіпкерлерге берілген мәтіндік зерттеуіне

ПІКІР

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің аға оқытушысы Ш.Шортанбаев

Бұл зерттеуде көне мифологиялық кейіпкерлер жайында талдаулар жасалып,олардың мәтіндегі бейнесі жан-жақты қарастырылған. Мифологиялық кейіпкерлердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, олардың  бейнесін  толыққанды етіп салу үшін қыруар еңбек тындырған. Албастының адамға қаскөйлігіне негіз болатын мәтіндер дұрыс іріктеліп алынған. Қазақ фольклорындағы диюлар, дәулер мен алыптардың  пайда болуы мен эволюциялық өзгерісі жан-жақты түсіндірілген.  Мәселен, диюға тән сиқырлы күш, алыптардың дене бітіміндегі өзгешелік, дәулердің жалғыз көзді, кейде екі басты болып суреттелуінің себептерін дәлелдеп, ғылыми тұрғыда сипаттап беруге, жан-жақты ашып көрсетуге талпынған.

Бақсы және бақсылық өнер, киім киісі, оғаш жүріс-тұрысы, қимыл-әрекеті жайындағы мәтіндік зерттеулері де бақсы бейнесін біріздендіруге септігін тигізері анық. Зерттеудегі көк өгіз бейнесі, пері бейнесі туралы тарау да көп ізденістің жемісі. Жын мен шайтан бейнесі туралы мәтінде қаншалықты көп кездессе, соншалықты  сан алуан бейнеде сомдалатыны, айтылатыны ақиқат. Мұның бәрі белгілі бір тұжырымға келуде үлкен қиындық тудыратыны даусыз. Оның үстіне, дінмен байланысты айтылатындықтан, өте абай болу керек.

Зерттеуде мыстан және жалмауыз бейнесі туралы мол мәлімет қамтылып, олардың болмыс-бітімі, аяр кейпі, қулық-сұмдығы туралы мағлұматтар ертегіден, эпостан  жинақталып, нақты мысалдар арқылы негізделіп, жақсылыққа жаны қас, ізгілікке ауылы алыс сипатын ашып көрсету үшін зерттеушілер аянбай еңбек еткен. Қазақ фольклорының образдар жүйесіндегі тазша бейнесі, қаңбақ шал образына қатысты бар мәтін електен өтіп, бірегей бейнесін сомдауға, салуға біраз мағлұмат жинақтаған.

Ғылыми жобадағы Бәйтерек бейнесіне, Самұрық құс сипатына қатысты пікіріміз де осыған саяды. Қамбар ата, Шопан ата, Зеңгі баба, Ойсылқара, Сексек аталар бейнелері де барынша қамтылған. Осы салада еңбектенген зерттеуші-ғалымдардың еңбегіне сүйенген.

Ұсыныс ретінде айтарым, мәтіндердің негізі діни-мифологиялық сюжеттерге жататындықтан, дінтанушы-теолог мамандардың кеңесін ескерген жөн.

Көркем  мәтінді  негізге ала отырып, кейіпкерлердің бойындағы сан алуан сипат-құбылысты, өзіндік болмысты,  ерекшелікті, бет-пішінді, түр-әлпетті, кескін-келбетті жан-жақты түрліше аспектіде, ракурсте жан-жақты қарастырып, оларды қазақ оқырмандарына өте ұғынықты түрде жеткізуге бағытталған бұл зерттеу өте ауқымды әрі жауапты еңбек екені рас. Кейіпкерлерді уақыт, ұрпақ көзімен қарай отырып,  уақыт сұранысына орай  бір тәртіпке келтіріп, жүйелеп шығу оңай шаруа емес. Қиындығына қарамастан кейіпкерлердің мәтіндік сипатын нақты да ұғынықты бере білген. Зерттеу нәтижесі уақыт талабына үндесіп, зерттеу сұранысына толық жауап беретіндігімен айқындалады.

Ұрпақ санасын тәрбиелеу мен ұлт бойындағы отаншылдық сезімді, өрлік пен ерлікке негізделген рухты қалыптастыруда, ұлттық болмыс-бітімімізді, бет-бейнемізді сақтап қалуда, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің мол екендігін талғам таразысына салып, салмақтауда  ұстанатын ұстын-қағидатымыз болуға лайық зерттеу жұмысы деп санаймын.

Көне сөз жәдігерліктерінде, ертегі-аңыздарда, ұлтымыздың даналық эпос-хикаяттарында ел арманының көрінісі, болашақ ұрпағына аманаты ретінде ел жадында сақталып, бүгінге жеткен бейнелерін жүйелеп, бірыңғай кескін-кейпін, бейнесін (суретін, портретін) жасап, ел назарына ұсынуы, жас ұрпақтың зердесіне ұялатуға күш салуы – бұл зерттеудің маңыздылығын көрсетеді. Осы орайда ертегі, аңыз, жыр кейіпкерлерін  біріздендіру мәселесін үнемі көтеріп,  көп талқысына ұсынып жүрген ұлтжанды азаматтардың, зерттеушілердің іс-әрекетін көпшілік болып қолдап, тезірек іске асуына демеу болуымыз қажет. 

Пікір білдірген:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің аға оқытушысы Ш.Шортанбаев

 

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

(Жалпы 178 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминдер мен ұғымдар
Терминология-лық анықтамалық
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[1] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[2] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[3] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер