Желаяқ

[cg_gallery id=»11″]

Желаяқ – сиқырлы көмекшілердің бірі. Ол екі аяғына екі батпан тас байлап алған, ойдан-қырдан жүгіріп жүреді.Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ, Саққұлақ бейнелерін «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісінде дәулер деп сипаттайды.

Көріп отырғанымыздай, қазақ ертегілерінде ДӘУ аталған мифтік бейнелердің атқаратын қызметі сан қырлы. Бұл бейнелерге типологиялық салыстырулар жасау арқылы ғана оның генезисін анықтай аламыз. Үш түрлі  сипатта келетін бұл бейнелерді сомдаудағы қолданылған көркемдік айшықтардан ұлттық психологиямыз айқын аңғарылады.