Мақалалар

Ұлттық рухтың кепілі

Қазақ елінің тәуелсіздікке ие болып, жаңа мемлекеттің мәдени-рухани келбетін қалыптастыру үдерісінде мемлекеттік тілдің алар орны аса айрықша. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оның саяси-қоғамдық, әлеуметтік өрісін кеңейтті әрі тиісінше соны міндеттер жүктеді.  Елімізде тіл саясатын жүргізудің уәкілетті органы – Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси комитеті осы бағытта көптеген жұмыстар жүргізуде. Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы да 2015 жылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында бірқатар шаралар өткізді. Мұндай шаралар өзінің ұйымдастырылу мазмұны жағынан ғылыми-әдістемелік, көпшілік, насихаттық сипатта болды. Толығырақ

Оқушыларды жазба жұмыстарына машықтандыру үрдістері

Ұстаз үшін үйрену-өмірдің биік талабы мен мақсаты,білгенін үйрету-жауапты парыз.Осынау мәртебелі міндетті мұғалім,негізінен,тіл арқылы іске асырады.Мұғалімнің негізгі тәрбие құралы-ана тілі.Заманымыздың белгілі ақыны О.Сүлейменов: «Адам тағдырын тәрбие шешеді,тәрбие құралы-сөз»,-дейді.

    Оқушылардың көркем айшықты сөздерді қолдана білуін,жазба жұмыстарын жоғары деңгейде жаза білуін,өз ойын еркін жеткізуін мақсат етудемін.

     Осы тұрғыда «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарламасын (СОРОС) негізге алдым.Жазу-сын тұрғысынан ойлаудың құралы,себебі ол оқушылардың бастапқы ойлары мен бейнелерін тауып,саралап,көркем жазып,есте сақтауға мүмкіндік береді.

     Негізінен,жазу адамның өзімен-өзі әңгімелескендей,оқушылардың не жазғандары туралы әңгімелеуге… Толығырақ

Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау жолдары

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек,» – деді. Толығырақ

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ҰСТАНЫМДАРЫ

Мақалада тілді шет тілі ретінде оқытудың әдістемелік негіздері қарастырылады. Автор оқытудың мазмұны мен ғылыми-теориялық зерттеулерге негізделген әдіс-тәсілдері тіл үйретудің негізгі ұстанымдарын айғақтайтынын айтып, қазақ тілі шет тілі ретінде оқытудың негізгі ұстанымдары мен ерекшеліктерін сипаттайды. Оқытудың негізгі мақсаты тіл меңгерушінің коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру болғандықтан, бұған қол жеткізу үшін лингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, әлеуметтік-мәдени, дискурстық құзіретттері тыс қалмайтыны айтылады. Толығырақ

Қазақ тілін екі аптада үйрену

Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеттің аға оқытушысы, лингвист Дмитрий Петров әлемнің 30 шақты жаңа және көне тілдерін әртүрлі деңгейде меңгерген. Қазақ тілін екі аптада үйренуге болады деген тұжырымын қазақ тілінің менталитетін түсінудің маңызы мен соған қалай ену жайлы жалғастырады. Енді сөз кезегін Д. Петровтың өзіне берейік:Алдыңғы әңгімемізде біз сіздермен қазақ тілінің базалық кестесі жайлы айттық. Біріншіден ең бастысы деп, оның ішінде ядро бола алатыны етістік пен есімдіктің құрылымдары дегенбіз. Сол бастыларынсыз, яғни, етістік пен есімдіксіз ешқандай сөйлем құрауға болмайды. Және тағы бір жағдайды айта кеткім келеді. Бірінші, тілді меңгеруде базалық құрылымды білу, оның ішінде етістіктің құрылымы негізінде есімдіктің құрылымы мен оларды құрамдастыру және белгілі бір құрылым жасау қандай мүмкіндіктер ашады. Барлық жағдайда қазақ тіліне де  қатысты бұл құрылымдар жеткіліксіз, әрине ең маңыздысы, сол тілдің менталитеті мен тілдің логикасын түсіну керек. Толығырақ

Қазақ тілін қалай тез үйренуге болады?

Жасырып қайтеміз, біздің ана тіліміз заң жүзінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болғанымен, әлі күнге еңсесін тіктеп, қанатын кеңге жайып кете алған жоқ. Ана тіліміздің болашағына алаңдап, қайтсек жағдайды түзейміз деп бас қатырып, айғай сап алаңға шығып, биік мінберлерден жалынды ұрандар айтып жатқан азаматтарды да көріп жүрміз. Тілдің қолданыс аясын кеңейтуге өз әлінше үлес қосып, қазақ тілінде мектеп, колледж, университеттерге керек оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, үнсіз игі істер тындырып жүрген зиялы азаматтар да бар. Қаншама жылдан бері қазақ баспасөзінде қалам ұстап жүрген менің де бұл мәселеге қабырғам қайысады. Толығырақ

Сөйлемдердің ақпараттық мазмұны

 

Сөйлемдердің ақпараттық мазмұны                                                         

Түйіндеме: Мақалада сөйлемдер ақпараттық мазмұнына  қарай объективті әлемді бейнелейтін сөйлемдер, субъективті әлемді бейнелейтін сөйлемдер түрінде екіге бөлінеді.

Сөйлемнің ақпараттық мазмұны арқылы коммуниканттардың моделі айқындалады.

 Субъективті әлемді бейнелейтін сөйлемдерде коммуниканттар моделі:  тыңдаушы мен сөйлеуші ретінде қарастырылады. Объективті әлемді бейнелейтін сөйлемдерде коммуниканттар баяншы және қабылдаушы ретінде танылады. 

Субъективті әлемді бейнелейтін сөйлемдер пікіралысудың құралына, объективті әлемді бейнелейтін сөйлемдер ойды білдіру құралына жатқызылады.  Нәтижесінде сөйлемдер коммуникативтік бірліктер ретінде тұжырымдалады.    Толығырақ

Астана, Алматы қалалары мен өңірлердегі ғылыми базасы қалыптасқан Тілдерді оқыту орталықтарының назарына!

«Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің  тапсырысымен бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асырмақ. Толығырақ

Мемлекеттік тіл оқыту орталықтарындағы жетістіктер мен проблемалар, оқыту жүйесін біріздендіру

 

Мемлекеттік тілді оқып-үйрену, меңгеру – Қазақстан азаматтарының парызы. мен міндеті саналып, бәсекеге қабілеттілігі және қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын ынталандырушы тетік болуға тиіс. Үкіметтің «Үштұғырлы тіл»,- саясатын іске асыру, басқа да ұлт тілдерінің дамуына ықпал ету қазақ халқын біріктіруші фактор болып табылады. Толығырақ

Кітапты жылдам оқыған жақсы ма?

Бүгінде ұмыт болып бара жатқан кітап оқу дәстүрінің адам санасына ғана емес, денсаулығына тигізер оң әсері көп екен. Жалпы, оқу барысында адамның бойында біраз өзгерістер орын алатын көрінеді. Яғни, есте сақтау қабілеті жақсарып, түйсігі жоғарылайды. Біле білсеңіз, тарихта аты қалған мықты тұлғалардың көбісі кітап оқудағы жылдамдығымен ерекшеленген. Демек, жылдам оқу әдісін дамыта түскен сайын адамның түрлі қабілеті ашылуы мүмкін. Көп оқудың пайдасы Кітап оқудың пайдасын бәріміз жақсы білеміз. Ол адамзаттың рухани азығы. Сондай-ақ ол біздің миымыз бен көзіміздің жаттығу алаңы іспетті. Оқыған сайын, мидың жұмысы жақсарады. Ал мидың дұрыс жұмыс… Толығырақ

Жаңа өнімдер
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминология-лық анықтамалық
Терминдер мен ұғымдар
Мекемтас Мырзахметұлы
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[1] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[2] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[3] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Наурыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Ақп    
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31  
Профиль