Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Ұлттық рухтың кепілі

Қазақ елінің тәуелсіздікке ие болып, жаңа мемлекеттің мәдени-рухани келбетін қалыптастыру үдерісінде мемлекеттік тілдің алар орны аса айрықша. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оның саяси-қоғамдық, әлеуметтік өрісін кеңейтті әрі тиісінше соны міндеттер жүктеді. 
Елімізде тіл саясатын жүргізудің уәкілетті органы – Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси комитеті осы бағытта көптеген жұмыстар жүргізуде. Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы да 2015 жылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында бірқатар шаралар өткізді. Мұндай шаралар өзінің ұйымдастырылу мазмұны жағынан ғылыми-әдістемелік, көпшілік, насихаттық сипатта болды.

Қазақ тілінің басқа тілдерге қарағанда ерекше мәртебесі, мемлекетқұрушы ұлттың тілі болуы оған осындай айрықша басымдық береді. Тілдің ұлт тарихында алатын орны, оның ділі мен руханиятын қалыптастырудағы маңызы, халықтың танымын түзудегі және оны ұйыстырудағы рөлі айрықша. Сондықтан ұлттың барша болмысын жасаудағы тілдің ерекше ықпалы қашан да жоғары бағаланған. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі» деген сөзі осы ойымызды айғақтайды.
Еліміздегі тіл саясаты ұлт пен мемлекет өміріндегі тілдің барлық маңызды қырларын ескере отырып жүргізілуде. Еліміздегі тіл саясатының басты бағдарлары Ата Заң – Конституциямызда, «Тіл туралы» Заңда көрсетілсе, оны нәтижелі іске асыру жолдары Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасында толық айқындалған. Осы орайда бағдарламада айқындалған талаптарды орындаудағы Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің және оған қарасты Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының 2015 жылы атқарған жұмыстары әр алуан.
2006 жылғы қазан айында өткен Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының XII құ­рыл­тайында Елбасы Н.Назарбаев «Үш­тұ­ғырлы тіл» туралы идеяны жариялап, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында «Тілдердің үш­тұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынған болатын.
2015 жылдың 10 сәуірінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, БАҚ өкілдері, облыстардағы тілдерді дамыту басқармаларының, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының, мемлекеттік мекемелердегі және ұлттық компаниялар­дағы Тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, арнаулы және ЖОО, Тіл саласындағы қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Тіл – татулық тірегі» республикалық кеңесі өткен болатын. Республикалық кеңес мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, республикадағы Тілдерді оқыту орталықтарының жұмысын біріздендіруді мақсат етті. Кеңестің қорытындысына сәйкес «Оқыту әдістемесін біріздендіру, Тіл оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру, мамандардың беделін көтеру және еңбектеріне мемлекеттік қолдау көрсету, басқа да жұмыстар бойынша нормативтік-құқықтық базасын реттеу, терминологиялық жұмыстарды жандандыру бойынша негізгі үйлестіруші орган ретінде Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы белгіленсін» деп атап көрсетіліп, Орталыққа бірқатар маңызды міндеттер жүктеді.
Бүгінгі таңда Тілдерді дамыту және қоғам­дық-саяси жұмыс комитетінің қол­дауымен орталықтың ғылыми-әдіс­темелік әлеуеті көтеріліп келеді. Орталықта комитеттің тапсырысымен шығатын оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтарға сараптама жасайтын ғылыми кеңес жұмыс істейді. Ол кеңес­ке әдістеме саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар топтастырылған. Республикалық ұлттық мәдени бірлестіктердегі жексенбілік мектептер арқылы этнос тілдерін және мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдас­тыруға мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсету, аталған мектептердің қызметін әдістемелік жағынан қамтамасыз ету мақсатында әдіс­темелік құралдарды баспаға ұсынып отыр.
Өңірлердегі орталықтар дайындаған оқу құралдары республикалық орталықта­ғы ғылыми-әдістемелік кеңестің сараптамасынан өтіп, солардың оң қорытынды­сын алғаннан кейін комитеттің қарауына ұсынылады. Жалпы, өңірлердегі тіл оқыту орталықтарының басты мақсаты – мем­лекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйрету, соларға арнап оқу-әдістемелік құралдар шығару болғандықтан республи­калық орталықтан бекітіліп ұсынылған бағдарлама бойынша жұмыс жасағаны әлдеқайда тиімді болар еді. Биыл осы бағыттағы жұмыстар біріздендіріле бастады.
Орталық қызметінің бір қыры, жоғарыда тоқталып өткен оқу-әдістемелік жұмыстар болса, екінші қыры ұлттық терминология мәселесіне қатысты жүргізілетін жұмыстар тізбесі болып табылады. Терминология, әсіресе салалық терминдерді аудару мәселесіне қатысты нақты мемлекеттік көзқарас орнығып келеді. Осыған сәйкес, Орталық терминологиялық лексиканы біріздендіру, терминологияның норма­тивтік-лексикалық қорын жетілдіру, сала­лық терминологиялық жұмыстарды жан­дандыру бағытында нақты тапсырма алып, ғалымдар, сала мамандары, практик аудармашылармен бірлесе іс-шаралар атқаруда. Орталықта Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясына қарауға ұсынылған терминдерге, атауларға, жеке сөздерге, сөз тіркестеріне және басқа да лингвистикалық сипаттағы жобаларға талдау жасап, қорытынды беретін сарапшылар тобы құрылған.
Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен Әлеуметтік және қоғамдық-гума­ни­тарлық ғылымдардың өзекті мәселелері мен пәнаралық зерттеулері нысаны бойынша 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерт­теулерді гранттық қаржыландыру негі­зінде ауқымды жобалардың орындалып жат­қан­дығын да айта кету керек.
Комитет пен орталықтың оқу-әдісте­ме­лік және ғылыми жұмыстарынан басқа тағы бір маңызды бағыты – қазақ тілінің байырғы бастауларын, төл табиға­тын, бү­гінгі қолданылу деңгейін таныту мен насихаттау.
Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаң­тардағы Қазақстан халқына Жолдауында жастарға білім беру кезінде оның тәрбиелік жағына, атап айтқанда, патриоттық пен адамгершілік, ұлтаралық татулық және толеранттылық, рухани даму жағына баса назар аудару керектігін атап көрсетті. Осы орайда, орталық ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен халықаралық және республикалық деңгейдегі бірқатар шараларды ұйымдас­тырды. Комитет Қазақ хандығының 550 жыл­дығына арналған шаралар өткізді. Тараз қаласында атап өтілген «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндерінің» аясында өткі­зілген «Қазақ хандығы мен түркілердің рухани мәдениеті: тіл және тарих» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Әзербайжан мен Қырғызстаннан танымал ғалымдар жиналып, түркі жазбаларына қатысты зерттеу нәтижелерін ортаға салып, пікір алмасса, Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі мен айтыс өнерінің алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орайластырыла Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында өткізілген «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық жыршы-термешілер бай­қауында қазақ фольклорының інжу-мар­жаны жыршы-термешілік өнер ұлықталды.
Мемлекеттік тілді кемелдендіретін, жетілдіретін, оның бейнелілігі мен тереңдігін көрсететін саланың бірі бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың тіл мәдениетін, сауаттылығын қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Оның ақпараттық қызметі мен экпрессивті – әсер ету қызметіне сәйкес бұл саланың стилі қазақ әдеби тілінің жай-күйін, әдеби тілдің нормаларын танытуда жетекші стиль ретінде қалыптасып отыр.
Соңғы жылдардағы БАҚ материалда­рына назар салсақ, біршама өзгерістер бар еке­нін байқаймыз. Халықтың назарын қалай­да өзіне аудару үшін прагматикалық қуаты күшті экспрессиялық сөздерді қол­дану – бүгінгі БАҚ-тың тіліне тән сипат. Өкінішке орай, радиодан берілетін хабар­ларда сөз қолданыстағы қателер кездессе, теледидар немесе баспасөз бетінде стильдік қателерге қоса емле қателеріне дейін кездесіп жатады. Міне, БАҚ тіліндегі әдеби нормадан ауытқушылықтарды, емле немесе тыныс белгісінен жіберілетін қателерді жібермеу жолдарын қарастыру мақсатында өткізілген іс-шаралар да сан алуан. Бұлардың қатарында «БАҚ және тіл мәдениеті» семинар-тренингін, «БАҚ және тіл нормасы мәселелері» дөңгелек үстелін атап өтуге болады.
Дөңгелек үстелде бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық-әлеуметтік қызметіне, тілдік-жанрлық ерекшелігінің әр алуандығы мен күрделілігіне сәйкес әдеби тіл нормаларын танытудағы рөлін жетілдіру мәселесі көтеріліп, күнделікті баспасөз тілінің стильдік айырым белгілеріне әсер етіп отырған басқа да факторлар жан-жақты талқыланса, семинар-тренинг БАҚ өкілдері, оның ішінде телеарна, радио тілшілерімен кездесу ұйымдастырып, олардың сөздік қорын, сөз саптауын, тіл мәдениетін жетілдіруді мақсат етті.
Семинар-тренингте кәсіби мамандар дәріс оқып, шеберлік сабақтарын көрсетсе, дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, тілші-зерттеуші ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл саласына жауапты құрылымдардың басшылары мен мамандары қатысты. Саладағы қордаланған мәселелерді шешуде мұндай шаралардың берері мол. Осы ретте, Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай БАҚ өкілдерінің мерейін көтеретін «Мемлекеттік тіл және БАҚ» бай­қауының ұйымдастырылғанын айта кеткіміз келеді.
Республикалық байқауға еліміздің әр өңірінен келіп түскен 200-ден аса материалдардың ішінен мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайтуды көздеген, қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы өткір де өзекті, сыни материалдар жариялаған жекелеген тілшілердің еңбектері іріктеліп алынып, байқаудың ережесіне сәйкес «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы», «Үздік радио бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» аталымдары бойынша 4 бағытта бағаланды.
Бүгінгі таңдағы тіл саласындағы өзекті мәселе терминологиялық және оно­­мас­тикалық жұмыстарды реттеуге бағыт­талған мәселелерді шешу болып табы­лады. «Медициналық терминдерді бірізден­дірудің нормативтік-лингвис­ти­калық негіздері», «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері», «Ономастика сала­сындағы нормативтік-құқықтық актілерді реттеу» атты республикалық дөңгелек үстелдер өткізілді. Тіл жанашырлары бас қосқан келелі кеңесте өрелі ойлар мен өткір пікірлер, тың ұсыныстар айтылды.
Үш тілді жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу мақсатында жастар арасында «Тіл–тұнық ойдың кәусары» облыстық олимпиадасы, «Ой–сана» оқушылар байқауы, қазақ мәдениеті, тілі мен әдебиетіне деген қызығушылықты арттыруды міндет еткен «Абай оқулары», Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХVІІ республикалық байқауы, «Тіл шебері» республикалық байқауы орталық қызметкерлерінің тіл мәртебесін арттыруға байланысты түрлі мазмұндағы іс-шараларды өткізуге белсене араласатындығын көрсетті.
Еліміздің шоқтығы биік сұлу өңірінің бірі Бурабайда мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушылары арасында республикалық «Тіл мерейі» байқауы өткізілді. Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың қоғамдық мәртебесі мен беделін арттыру және оқытушының әдістемелік шеберлігін шыңдау, тіл үйретудің озық әдістемесін тарату, педагогикалық қызметтегі инновация­лық тәсілдерді, оқытушылардың сабақ беру­дегі біліктілігі мен тәжірибесін сарап­тауды басты мақсат еткен бұл байқауға облыстық (қалалық) мемлекеттік тілді оқыту орталықтарындағы білікті ұстаздар қатысты. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп, облысының намысын қорғаған үздік мұғалімдердің қайсысын алсақ та дайындығы тиянақты, ісі мығым екендігін дәлелдеп, сабақ берудегі өзіндік өрнектерін көрсете білді. Семинар-тренингке әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, тіл үйренушілер, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының басшылары мен оқытушы әдіскерлері қатысып, мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс-тәсілдері туралы өз ойларын ортаға салды. Ал Тараз қаласында өткен «Оқыту бағдарламалары мен мазмұны, оқыту технологиясын жетілдіру» республикалық семинар-тренингі жоғарыдағы іс-шараның заңды жалғасы болып табылады. Байқауда үздіктердің үздігі өз тәжірибелерімен бөліссе, семинар-тренингте мемлекеттік тілді ересек адамдарға үйрететін оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, онлайн әдісімен озық тәжірибелерді алмасу және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушыларын ынталандыру көзделді.
Семинар-тренингке әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, тіл үйренушілер, Астана, Ал­маты қалалары және облыс орталық­та­рындағы мемлекеттік тілді оқыту орталық­тарының басшылары мен оқытушы әдіс­керлері қатысты. Мемлекеттік тілді оқы­тудың тиімді технологиялары мен әдіс-тәсілдері туралы баяндамалар жасалып, әдіс­керлер өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының үздік оқытушылары панорамалық сабақтар мен онлайн режимінде шеберлік сабақтарын көрсетті.
Орталық мемлекеттік тілдің рөлін арттыру мен тіл саясатының мақсат-міндеттерін қалыптастыруға бағытталған «Тіл және қоғам» альманағының басылып шығуына жетекшілік етеді. Журналда мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін дамыту және кеңейту бойынша ұсыныстар ортаға салынып, мемлекеттік тілдің қолданылу барысы туралы материалдар жарияланады. Мемлекеттік тілдің халықаралық қызметте қолданылу тәжірибесі көрсетіледі. Журнал бетінде жарық көрген талдау және жалпылама ғылыми-лингвистикалық сипаттағы зерттеулер, қазақ әдеби тiлiнiң нормаларын қалыптастыруға септігін тигізеді. Ономас­тика, терминология мәселесімен қоса әлеуметтік лингвистикалық зерттеудің нәти­желері де журнал бетіне жарияланып, тіл білімі мен қоғам өміріндегі тың жаңа­лық­тармен, соны ізденістермен таныстырады.
Жарқын болашаққа жетелейтін «100 нақты қадамда» үштұғырлы тіл Ұлт Жоспары межелерінің бірі болуы да замана талабы. Осы талапқа сай қызмет етіп, тіл мәртебесін көтеру, қазақстандықтарды мемлекеттік тілдің төңірегіне ұйыстыру осы саладағы басты бағдар болып қала бермек.

Бүгінгі таңда Тілдерді дамыту және қоғам­дықсаяси жұмыс комитетінің қол­дауымен орталықтың ғылымиәдіс­темелік әлеуеті көтеріліп келеді. Орталықта комитеттің тапсырысымен шығатын оқуәдістемелік құралдар мен оқулықтарға сараптама жасайтын ғылыми кеңес жұмыс істейді. Ол кеңеске әдістеме саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар топтастырылған. 

Ербол ТІЛЕШОВ

(Жалпы 124 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Терминдер мен ұғымдар
Терминология-лық анықтамалық
Мекемтас Мырзахметұлы
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[1] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[2] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[3] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Шілде (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Мау    
  1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Профиль
Соңғы пікірлер