2014 жылы Астана қаласында өткен «Тіл мерейі» республикалық байқауының бас жүлдегері. Доспанова Айткүл Масақбайқызы 1977 жылы 16 қарашада өмірге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. Толығырақ
Елесбаева Жанар Әлмұхаметқызы
2013 жылы өткен «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы. Толығырақ
Жуырда Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы 2012 жылғы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» республикалық байқауын өткізді. Еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан, барлығы 16 үміткер қатысқан шарада Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» оқытушысы Жұматаева Раушан Талатбекқызы бірінші орынды иеленген болатын. Толығырақ
ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығының әдістемелік жұмысының қоржыны тағы да бір жүлделі орынмен толықтырылды. Жүлде болғанда да, жай жүлде емес, бас жүлде. Ол жүлденің иесі орталықтың оқытушысы Арай Белгібайқызы Мурсалимова. Толығырақ
Талапова Гүлнар Маратқызы 2010 жылғы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы. Толығырақ
Имантаева Гүлбүбі Сәттібайқызы 2009 жылы өткізілген «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы. Толығырақ