Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) облыстық (қалалық) байқау жүлдегерлері арасында 2015 жылға «Тіл мерейі» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) жариялайды (2014 жылы «Үздік оқытушы» республикалық байқауының атауы «Тіл мерейі» деп өзгертілді, соған сәйкес Байқау ережесіне өзгерістер енгізілді). Толығырақ
Жуырда Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы 2012 жылғы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» республикалық байқауын өткізді. Еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан, барлығы 16 үміткер қатысқан шарада Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» оқытушысы Жұматаева Раушан Талатбекқызы бірінші орынды иеленген болатын. Толығырақ
ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығының әдістемелік жұмысының қоржыны тағы да бір жүлделі орынмен толықтырылды. Жүлде болғанда да, жай жүлде емес, бас жүлде. Ол жүлденің иесі орталықтың оқытушысы Арай Белгібайқызы Мурсалимова. Толығырақ