
ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығының әдістемелік жұмысының қоржыны тағы да бір жүлделі орынмен толықтырылды. Жүлде болғанда да, жай жүлде емес, бас жүлде. Ол жүлденің иесі орталықтың оқытушысы Арай Белгібайқызы Мурсалимова.
2011 жылдың қарашасында Астана қаласында ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлерге, ересектерге қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың арасында дәстүрлі «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» республикалық байқауы өткізілді. Аталған байқауға Жамбыл, Алматы, Астана, Атырау облыстарының мемлекеттік тілді оқыту орталықтарынан келген білімді, тәжірибелі деген ең мықты жеңімпаз оқытушылармен бірге сайысқа біздің облыстың намысын қорғап Арай Белгібайқызы қатысты. Байқауға ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің өкілдері, ғалым-әдіскерлер, тіл мамандары төрелік етті. Міне, осындай жауапты да, мәртебелі сайыста Арай Белгібайқызы өзінің біліктілігі мен шеберлігін көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды.









Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.