«Тіл шебері – 2015» мықтыларды анықтайды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) жастар арасында «Тіл шебері – 2015» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) жариялайды. 

Мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау. Үштілділікті насихаттау,  іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау.

Міндеттері: Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру; тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру; жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу; тіл мәдениетін жетілдіру.

Шарты: Байқауға ұлтына қарамастан 21 мен 30 жас аралығындағы  жастар қатыса алады.

Байқау үш аталымнан тұрады:

«Мәдениеттаным» – қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру;

«Ұлттаным» – қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру;         

«Өнертаным» – үш тілде 7 түрлі жаңылтпашты жаңылмай 3 рет айтудан жарысқа түсу.

Киім кию тәртібі:

I аталымда – қазақ халқының ұлттық киімі;

II аталымда – классикалық стиль; 

III аталымда – еркін.   

Үміткерлер өнерін бағалау кезінде: тілдерді меңгеру деңгейі; жауаптың орамдылығы мен сапасы; жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі; үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі; сахналық мәдениеті ескеріледі.

Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, педагогика  салаларының  ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы 5-7 адамнан аспауы тиіс.

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғысхаттармен және де ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Мекенжайымыз: Астана қаласы,  Орынбор көшесі, 8-үй, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті. Байланыс телефондары: 8(7172) 74-04-56, 74-05-10, 74-05-09 (тел/факс)

(Жалпы 443 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

«Тіл шебері – 2015» мықтыларды анықтайды төңірегінде 3 пікір бар

  • Республикалык Тил шебери байкауы кай куни кай уакытта болады?

    • Республикалық «Тіл шебері» байқауы 2015 жылғы 18 қыркүйекте болады

  • ????

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Мекемтас Мырзахметұлы
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминдер мен ұғымдар
Терминология-лық анықтамалық
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[1] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[2] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[3] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Наурыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Ақп    
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31  
Профиль