2015 жылғы 3 қыркүйекте С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті. Шараның мақсаты – үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу. Аталған шараға 16-22 жас аралығындағы облыстың қала, аудандарында өткен байқаулардың жеңімпаздары қатысып, өз біліктіліктерін шыңдады.
Олимпиада нәтижесі бойынша I жүлделі орынды Павлодар қаласынан Жұмат Дария, II орынды Успен ауданының үміткері Асанбаева Елдана, ал III орынды Лебяжі ауданының үміткері Шарипова Бақтыгүл иеленді.
Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар, дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Олимпиада жеңімпазы Қарағанды қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
(Жалпы 272 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)








Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.