Ай мұрағаты: Тамыз 2015

Қазақ тілін екі аптада үйрену

Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеттің аға оқытушысы, лингвист Дмитрий Петров әлемнің 30 шақты жаңа және көне тілдерін әртүрлі деңгейде меңгерген. Қазақ тілін екі аптада үйренуге болады деген тұжырымын қазақ тілінің менталитетін түсінудің маңызы мен соған қалай ену жайлы жалғастырады. Енді сөз кезегін Д. Петровтың өзіне берейік:Алдыңғы әңгімемізде біз сіздермен қазақ тілінің базалық кестесі жайлы айттық. Біріншіден ең бастысы деп, оның ішінде ядро бола алатыны етістік пен есімдіктің құрылымдары дегенбіз. Сол бастыларынсыз, яғни, етістік пен есімдіксіз ешқандай сөйлем құрауға болмайды. Және тағы бір жағдайды айта кеткім келеді. Бірінші, тілді меңгеруде базалық құрылымды білу, оның ішінде етістіктің құрылымы негізінде есімдіктің құрылымы мен оларды құрамдастыру және белгілі бір құрылым жасау қандай мүмкіндіктер ашады. Барлық жағдайда қазақ тіліне де  қатысты бұл құрылымдар жеткіліксіз, әрине ең маңыздысы, сол тілдің менталитеті мен тілдің логикасын түсіну керек. Толығырақ

Қазақ тілін қалай тез үйренуге болады?

Жасырып қайтеміз, біздің ана тіліміз заң жүзінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болғанымен, әлі күнге еңсесін тіктеп, қанатын кеңге жайып кете алған жоқ. Ана тіліміздің болашағына алаңдап, қайтсек жағдайды түзейміз деп бас қатырып, айғай сап алаңға шығып, биік мінберлерден жалынды ұрандар айтып жатқан азаматтарды да көріп жүрміз. Тілдің қолданыс аясын кеңейтуге өз әлінше үлес қосып, қазақ тілінде мектеп, колледж, университеттерге керек оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, үнсіз игі істер тындырып жүрген зиялы азаматтар да бар. Қаншама жылдан бері қазақ баспасөзінде қалам ұстап жүрген менің де бұл мәселеге қабырғам қайысады. Толығырақ

«Қайырсыз хабарландыру» мазаққа майдай жағады

Нарықтық  кезең белең алған шағында,  ақпарат майданы қайнап тұр. Әсіресе, жарнамасыз кез келген адам жүрмейтін, күлмейтін, сөйлемейтін халге жеттік. Тіпті қарапайым ғана орыстың мысығы мен иті жарнамада жүргеннен кейін айтуға сөз, жазуға қол бармайды. Толығырақ

Қазақстан мектептерінде қандай жаңа пәндер пайда болады

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жыл сайынғы тамыз жиналысында 2020 жылы мектеп бағдарламасының қалай өзгеретінін айтып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Толығырақ

Осыдан жүз жыл бұрынғы Шымкенттің сыйқы

Осы сайтта жарияланған Шымкентті көріп шок алған (риза болған) баланың пікірін салыстыру үшін бір ғасыр бұрын жазылған қала туралы мақаланы назарларыңызға ұсынамыз. Толығырақ

Тарих пен әдебиетті бүкіл мектеп қазақ тілінде оқиды – Сәрінжіпов

Бүгін Республикалық білім жүйесі қызметкерлерінің тамыз кеңесі барысында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бүкіл мектептерде «Қазақ әдебиеті» мен «Қазақстан тарихы» пәндерін қазақ тілінде оқыту керектігін айтты. Толығырақ

«Текті сөздің төресі-терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы

«Текті сөздің төресі-терме» республикалық жыршы-термешілер байқауының

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже
  1. «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізудің ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағытындағы «Тіл мәдениетін жетілдіру» тармағын, сондай-ақ 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.
  2. Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің жыл сайын тұрақты түрде өткізетін іс-шарасы болып табылады.
  3. Байқау ұлттық тәрбиемен халықтық өнерді насихаттау, қазақстандықтардың тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатында атқарылатын іс-шара болып табылады.

Толығырақ

Павлодарда «Абай оқулары» облыстық байқауы жеңімпазды анықтады

Павлодарда қазақ халқының Ұлы ақыны, хакім Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай этнос жастары арасында «Абай оқулары» облыстық байқауы өтті. «Достық» концерттік залының дәлізінде С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап кітапханасының кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Толығырақ

Балаларды өнерге баулу

                                    

Қазақ халқы: «шыныққан – шымыр  болады, тәрбиесіз – қыңыр болады» деп, дене шынықтыру мен дене тәрбиесінің адам денесі мен денсаулығына төтенше пайдалы екенін ықылым замандарда-ақ жете түсініп, балаларының денесін жастай шыңдап, шынықтырып, сау денелі, қару-қайратты тең жетілген сегіз қырлы, бір сырлы азамат болып есеюлеріне ерекше көңіл бөліп, ұрпақтарын сом денелі, ширақ қимылды, ақыл-айлалы, кемелді азаматқа айналдыру үшін халықтық спорттың әр қилы түрімен айналыстырып, сан алуан сайыс өнерін үйреткен. Толығырақ

Жаңа өнімдер
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминология-лық анықтамалық
Терминдер мен ұғымдар
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[1] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[2] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[3] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2015)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд   Қыр »
  1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31  
Профиль