Қазақ тілінің Қазақстанда мемлекеттік тіл екендігін ірілі-ұсақты шенеуніктер мен әкім-қаралар тегіс біледі. Неге екені белгісіз, көбі осы жайттың басын ашып, анықтап айта алмайды. Бердібек Мәшбекұлы сияқты: «Қазақстанда мемлекеттік тіл қандай тіл?», – деген сұрақ қойып, ол сұрағына қатысты естіген жауабын түзетуге тәуекелдері де жете бермейді. Бұ не сонда? Қазақ тілінің мәртебесі туралы, басқа-басқа, Атазаңымызда тайға таңба басқандай етіп жазылған емес пе? Соны біле тұра, білгісі келмейтіндер орыс тілін де мемлекеттік тіл деп көкуге бар. Ақтөбе облысының әкімімен сұхбттасып отырған әйелді тыңдап көріңіз. Ол еш ойланбастан әм өзіне бек сенімді түрде:… Толығырақ
Үстіміздегі жылдың 27 қарашасы күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы орыс жастары арасындағы «Тіл – парасат» қазақ тілі білгірлерінің республикалық байқауын өткізді. Толығырақ
Жасырып қайтеміз, біздің ана тіліміз заң жүзінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болғанымен, әлі күнге еңсесін тіктеп, қанатын кеңге жайып кете алған жоқ. Ана тіліміздің болашағына алаңдап, қайтсек жағдайды түзейміз деп бас қатырып, айғай сап алаңға шығып, биік мінберлерден жалынды ұрандар айтып жатқан азаматтарды да көріп жүрміз. Тілдің қолданыс аясын кеңейтуге өз әлінше үлес қосып, қазақ тілінде мектеп, колледж, университеттерге керек оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, үнсіз игі істер тындырып жүрген зиялы азаматтар да бар. Қаншама жылдан бері қазақ баспасөзінде қалам ұстап жүрген менің де бұл мәселеге қабырғам қайысады. Толығырақ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, 2015 жылғы 12 маусымда «Медициналық терминдерді біріздендірудің нормативтік-лингвистикалық негіздері» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді. Толығырақ