Бүгінгі ақпарат ғасырында ақпараттық кеңістігіңді өзгенің қолына беріп қою, ақпаратты өзге тілде тарату – екі тізгін бір шылбырды басқаның қолына ұстату деген сөз. Ақпараттық кеңістігіңе кім ие болса, кімнің айтқаны жалпақ жұрттың санасына сіңіп жатса, қоғамдық сананы да сол қалыптастырып, соның көздегені болады. Өз үйінің билігін өзгеге беріп қойып, аузы аңқиып отыратын жаман үйдің босбелбеу қожайынының күйін кешкіміз келмесе, елімізде қазақтілді ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға міндеттіміз. Бүкіл ел аумағына жұмыс істейтін телеарналардың негізгі басым бөлігі қазақ тілінде ақпар тарататын күнге жетпейінше, ұлттық санасы мықты, тілі мен тілегі бір халық болу мақсатына да жете алмаймыз. Ұлттық-мәдени кеңістігімізді қалыптастыру да осы БАҚ-қа ие болуымызға тікелей байланысты. Екіншіден, ақпар деген – өнім. Ғылыми ақпарды да, бұқаралық ақпар мен техникалық ақпарды да сол салалардың мамандары өндіреді. Толығырақ
Қазақ тілінің Қазақстанда мемлекеттік тіл екендігін ірілі-ұсақты шенеуніктер мен әкім-қаралар тегіс біледі. Неге екені белгісіз, көбі осы жайттың басын ашып, анықтап айта алмайды. Бердібек Мәшбекұлы сияқты: «Қазақстанда мемлекеттік тіл қандай тіл?», – деген сұрақ қойып, ол сұрағына қатысты естіген жауабын түзетуге тәуекелдері де жете бермейді. Бұ не сонда? Қазақ тілінің мәртебесі туралы, басқа-басқа, Атазаңымызда тайға таңба басқандай етіп жазылған емес пе? Соны біле тұра, білгісі келмейтіндер орыс тілін де мемлекеттік тіл деп көкуге бар. Ақтөбе облысының әкімімен сұхбттасып отырған әйелді тыңдап көріңіз. Ол еш ойланбастан әм өзіне бек сенімді түрде:… Толығырақ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, 2015 жылғы 12 маусымда «Медициналық терминдерді біріздендірудің нормативтік-лингвистикалық негіздері» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді. Толығырақ