Саққұлақ

[cg_gallery id=»24″]


Саққұлақ – ертегінің бас кейіпкеріне жолдас болу үшін жолын тосып жүрген келесі көмекші. Ол бір құлағын жерге төсеп, жер беті мен жер астында не болып жатқанын біліп отырады. Саққұлақтың қасиеті Қара дәудің қасиетімен бірдей. Бірақ Қара дәу өзінің ерекше қасиетін зұлымдық жасау үшін қолданса, Саққұлақ өзінің қасиетін жақсылық жолында жұмсайды. Бірінде құбыжықтық сипат басым болса, екіншісінде дегдарлық бар.