Соңғы жазбалар
  • Петропавл қаласында «Тіл – татулық тірегі» этнос жастарының республикалық форумы өтеді
  • Көптілділік – уақыт талабы, ел болашағы
  • Үштұғырлы тіл саясаты: келешек ұрпақ ұпайынан ұтылмасын десек
  • Үштұғырлы тіл: Қазақстанда тілдерді оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері хақында
  • Елімізде үш тілде білім беру жүйесі кезең-кезеңімен жүргізіледі
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Баланы қырқынан шығару

                        бесік 1

Баланың қырқынан шыққанға дейінгі күтімі

Бала дүниеге келген күннен бастап қырқынан шыққанша түнде шам өшірілмейді. Мұның да өзіндік мәні бар. Бала қырқынан шыққанша шам жағып қою – баланың шошу, тұншығудан және ана мен баланы әртүрлі қауіп – қатерден сақтануы үшін қажет.

Әдетте, бала қырқынан шыққанша баланы бір күні тұзды, бір күні сабынды, кейде маралшөп салынған суғға алма-кезек шомылдырып отырады.

Баланы тұзды сумен шомылдырса, баланың денесі шымыр болып, ауру-сырқауға қарсы иммунитеті қалыптасады. Сабынды су – баланың денесіне жабысқан түрлі микробтарды, бөгде иіс-қоңыстарды жойып, терідегі саңылауларды ашуға көмектеседі. Ал маралшөп қосылған су баланың денесіндегі түрлі зиянды бактерияларды жойып, бала тез ширайды.

  Баланы қырқынан шығару

Нәресте үшін қауіпті деп саналатын 40 күн өткен соң, ата-ананың көңілі орнына түсіп, баланы қырықнан шығару қамына кіріседі. Алайда, «асықсаң жақсылыққа асық» деп ұл баланы 37-39 күн, қыз баланы 40-42 күннен қалдырмай қырқынан шығарады.

Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құйып қояды. Баланы қырқынан шығарған әйелдер білезік, жүзіктерді бөлісіп алады.

Баланы шомылдырып болған соң, қарын шашы мен тырнағын инабатты, сыйлы ақсақалдардың біріне алдырып, ол кісіге шапан кигізеді.

Баланы шомылдырар алдында шешіп алған «итжейдеге» қант, кәмпит, бауырсақ, түйіп, бір баланың мойнына тағып қоя береді. Ауыл балалары оны қуып жүріп ұстап, қант-кәмпитін жеп, жейдені әкеліп береді.

Қырқынан шыққан баланы анасы көтеріп, ата-әжелері мен туыс-туғандарының үйіне алып келеді. Ата-әжелері қырқынан жаңа шыққан нәрестенің  бетінен сүйіп, ақ баталарын беріп, оған тай-тайынша, қозы-лақ сыйлап, көйлек-шапан кигізіп қайтарады. Анасын да ерекше күтеді.

Баланы қырықнан шығарудың да өзіндік ғылыми  мәні бар. Баланы шомылдыратын суға күмісті бала адал, ақ, пәк болсын деп салады. 40 қасық суды ырыздығы судай мол болсын деп құяды. Шаш-тырнағын сол адамдай инабатты, ортасына сыйлы адам болсын деп

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

(Жалпы 1  477 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Терминдер мен ұғымдар
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминология-лық анықтамалық
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[1] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[2] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[3] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Мамыр (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Нау    
  1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31  
Профиль