Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Бесік жыры

Баланы бесікке салу

Әдетте баланы бесікке баланың кіндігі түскен соң салады. Баланы бесікке салуға (бөлеуге) ерекше мән беріледі. Баланы бесікке саларда «тышты ма» ырымы жасалады. Онда баланы бесікке салуға жиналған әйелдердің біреуі: «тыштыма ма?» деп дауыстағанда, бесікті айнала отырған әйелдер: «тышты, тышты» десіп, бесіктің түбек салатын тесігінің астына тосылған қолдарға, бауырсақ, құрт, ірімшік, қант, кәмпит тастайды. Оны алған балалар таласа-тармаса жейді. Баланы алғаш бесікке балалы-шағалы, инабатты кісілердің бірі салады.

Баланы бесікке бөлеудің өзіндік ғылыми  мәні бар. Әдетте, бесікке бөленген бала түзу, сымбатты болып өсіп, дәретіне былғанбай таза болады. Зиянды жәндіктердің шағуынан қорғайды. Көшкенде ат үстінде алып жүруге өте қолайлы болады. Ал, «тышты ма» айту-жаңа дүниеге келген сәбиге құт дарысын, несібелі болсын, артынан байлық саулап жүрсін деген ниетпен істеледі.

Бесік аластау

Баланы бесікке бөлер кезде әрдайым ең алдымен  бесікті міндетті түрде аластайды. Бесікті көбіне арша  бүрі-шырпысын тамызып ол болмаса, шам, шақпақ, сіріңке талы секілді жарық шығаратын заттардың бірін пайдаланып, бесіктің бас –аяғын тегіс айналдыра:

-Алас, алас, алас!

Әр пәлеңнен қалас!

Көзі жаманның көзінен алас!

Тілі жаманның тілінен алас!

Уы жаманның уынан алас!

Алас, алас, алас!

Қыла гөр Алла мың пәлеңнен қалас!

деп  бесікті аластап шығып, онан соң барып баланы бөлеуге кіріседі. Бесік аластаудың да өзіндік ғылыми негізі бар:

  1. Аршаның микроб өлтіретін қасиеті бар. Сондықтан бұл баланың дені сау болып өсуіне септігін тигізеді.
  2. От жарығымен бесікті аластау зиянды жәндіктерден сақтандыру  үшін  қажет. Баланы бесіктен шешіп алған соң, түбек-шүмегін жуып, көрпе-жастығы мен жөргегін күнге жайып отырады.

Бесік және бесік жабдықтары

Бесік әдетте ағаштан, әсіресе талдан кесіп, қашап, иіп әртүрлі формада жасалады. Бесік жабдықтары: жөргек, жастық, бесік көрпе, төсеніш, қолбау, тізе бау, түбек, шүмек қатарлылардан тұрады.

Түбек көбіне фарфордан, шүмек аршадан, асықты жілік сияқты заттардан жасалады.

Шүмекті аршадан жасаса, түрлі микробты өлтіріп, аурудың алдын алады. Ал жіліктің адам денесіне кері әсері аз болады. Фарфор су тартпайтындықтан, әретке шірімейді, сасымайды.

Бесік  жыры

Тәрбиелі де тәлімгер қазақ аналары баланы бесікке салған күннен бастап «Бесік жырын» айтып, перзентерінің көкірегі ояу, елін сүйген азамат болып есеюін тілеп, қасиетті халық жырын ұрпақтар құлақтарына құя берген. Бесікке сүйеніп отырған ана ақ сүтімен қоса:

-Әлди-әлди , ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!

Балапандай мұзбалақ,

Қанатыңды қақ, бөпем!

Арыстандай жауыңа,

Айбаттанып шап, бөпем!

Қай-қашанда халқыңды,

Қамқоршы боп бақ, бөпем !

Өз құрбыңның алды боп,

Өнер шамын жақ, бөпем!

Ата-бабаң таппаған

Тапқырлықтар тап, бөпем!

Кең бол байтақ далаңдай,

Далаң жомарт –анаңдай.

Сүйсең Отан, жеріңді,

Болар анаң көңілі жай,

Әлди-әлди, әлди-ай!

Аспандағы жұлдызым,

Суда жүзген құндызым.

Ізгі ісіңе ел сүйінер,

Қас қырандай шүйілер,

Азамат бол , әлди-ай!-

деп бесік жырын тамылжытып  төгіп, ұрпақтарына мол рухани азық беріп отырған .

Қазақ аналары бесік жырын ермек үшін немесе баласын жұбату үшін ғана айтпаған. Қайта, халқының ауыз әдебиетін ұтымды пайдаланып, ұрпақтарының құлағына  халқының салт-дәстүр мен адамгершіліктің, ізгіліктің өркенін сіңіріп, даналық тағылымдарын құю үшін айтқан. Бесік жырын айтқан ана көңілі көтеріліп, «бесік жырымен» бірге  болашақ өмірге алып ұшып, талпынған бесіктегі бөбегіне: «Өскенде, есейгенде кім боласың?» – деп жыр аяғын мынадай игі тілектерге ұластырып отырған:

– Балғын қолың іс алып ,

Балдыр мойның күш алып .

Бізді бағар ма екенсің?!

Сом құрықты майырып ,

Түнде жылқы қайырып,

Жігіт болар ма екенсің?!

Дулыға-сауыт киініп,

Жауға батыл тиісіп.

Батыр болар ма екенсің?!

Өлең сөзден дес бермес ,

Нөсерлетер төске өрлеп ,

Ақын болар ма екенсің?!

Таңдайларың тақылдап ,

Шешендерді тақымдап.

Сөз сөйлейтін тақпақтап .

Шешен болар ма екенсің?!

Дүйім елді бастайтын,

Қиын жерде саспайтын .

Бақ-дәулетке таспайтын,

Көсем болар ма екенсің!

 

Ал, баланы бесіктен шешіп аларда:

-Бөпемді шешіп алайын,

Нұр жүзіне қарайын.

Емін-еркін керіліп,

Қуандырсын маңайын.

Атасын іздеп барса екен,

Қайта келіп жатқанша,

Бесікте ұйқы қалса екен! –

деп сәби жанын қуаныш пен шаттыққа бөлеуге тырысады.

Тарихта  «Бесік жыры» ғаламат тәрбие құралы болған, ұрпақтарды  адамгершілікке, ізгілікке, береке-бірлікке, достыққа жетелеп, ұлттық салт – дәстүрдің нәрімен сусындатқан.

 

 

 

 

(Жалпы 637 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Терминология-лық анықтамалық
Терминдер мен ұғымдар
Мекемтас Мырзахметұлы
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[1] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[2] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[3] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер