Үстіміздегі жылдың 27 қарашасы күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы орыс жастары арасындағы «Тіл – парасат» қазақ тілі білгірлерінің республикалық байқауын өткізді. Толығырақ
Тақырыбы:
Пунктуациядан өткенді қайталау
Жалпы мақсат:
Білімділігі: оқушылардың тыныс белгілері туралы түсінігін кеңейту, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, оқушы білімін есепке алу.
Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту, ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, тіл байлығын жетілдру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептіліке, шапшаңдыққа тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу, өз елін, тілін сүюді үйрету.
Оқыту нәтижесі: Пунктуация тақырыбын қаншалықты меңгергендігін байқай отырып, білім сапасын жетілдіру. Тестпен жұмыс жасай білу
Түйінді идея: Тыныс белгілерін жетік меңгерудің оқушылардың білім деңгейінің артуына тигізер әсері мол.… Толығырақ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек,» – деді. Толығырақ
2015 жылдың 27 қараша күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы орыс жастары арасындағы «Тіл – парасат» қазақ тілі білгірлерінің республикалық байқауын өткізеді. Толығырақ
«Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды»- демекші, ана тіліміздің, яғни ресми айтатын болсақ, мемлекеттік тіліміздің қоғамдағы рөлі жайында ақпарат құралдары беттерінде қанша айтылып жатса да қара көздеріміздің санасына жеткізу қиының қиыны болып тұр. Бұлай деуіміздің басты себебі күнделікті өмірде ТІЛГЕ байланысты кездесетін келеңсіз жайттар адамға түрлі ой салады екен. Мен көбіне қалада қоғамдық көліктің қызметін пайдаланатын адамдардың қатарынанмын. Күн сайын осы көліктің ішінде тіліміздің мәртебесі күннен-күнге қарыштап, қолданылу аясының кеңге қанат жайғанының куәсі болудың орнына керісінше көлікке әр мініп түскен уақытта өзіңнің қайда жүргеніңді ұмытып кететін жайттар жиі орын алады. Қазір… Толығырақ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті тарапынан Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» орыстілді азаматтар арасында мемлекеттік тілді насихаттау шаралары өткізілді. Жобаның мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын біркелкілікке жеткізу үшін өңірлік алшақтықтарды еңсеруге басымдық беру, орыстілді азаматтарға мемлекеттік тілді насихаттайтын «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» кешенді шараларын өткізу және ұйымдастыру. Шараларды өткізу барысында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары туралы ойлар ортаға салынды.… Толығырақ
Осы орайда Астанада журналистердің тіл және сөйлеу мәдениеті жөнінде 2015 жылдың 11 қарашасы күні Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, «Конституция» мәжіліс залында «Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» атты семинар-тренинг өтті. Толығырақ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, 2015 жылғы 11 қарашада «Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл нормалары мәселелері» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді. Толығырақ
Бүгінде «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметовтың қатысуымен партия жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті кеңейтілген кеңесі өтті. Толығырақ