Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметовтің қатысуымен «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Бүгінде «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметовтың қатысуымен партия жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті кеңейтілген кеңесі өтті.

Күн тәртібінде Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Дала елі» идеясын насихаттау шаралары және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мәселелері қаралып, мемлекеттік тілдің бизнес пен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданылу аясы талқыланды.  

Отырысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, кеңес төрағасы М.Әшімбаев ашып, биылғы жылы үшінші рет өткізіліп отырған бұл кеңестің осы кезең ішінде қоғамдағы бірлік пен ынтымақты сақтау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытында ел зиялылары пікір білдіретін алаң болып айқындалғандығын атап өтті. Кеңестің кезекті отырысында да «Ұлы Дала» ұғымынан туындайтын ауқымы кең, мәні терең мәселелер қамтылатындығын жеткізіп, ұлт болашағы үшін бетбұрысты осынау тақырыпты еркін талқылап, ой бөлісуге шақырды.

«Осы мәселеде науқаншылдыққа жол бермеуіміз керек. Елбасы бастама етті. Алайда оны «қолдаймыз» деп жаппай бас шұлғығаннан идея жүзеге аса салмайды. Нақты іс-әрекет, арнайы бағдарлама керек. Бұл үдеріске идеологтар ғана емес, маркетологтар, пиармен айналысатын азаматтар, бизнесмендер тартылғаны жөн. Яғни, бұл бағдарламаның екі бағыты: біріншісі, сыртқа арналған, екіншісі ішкі идеологиялық мақсаттарға арналуы тиіс. Ең әуелі, сыртқа таныту үшін өрнекті символдар керек. Түркістан, Ұлытау, және тағы басқа тарихи орындарды таныту арқылы бүгінгі Қазақстанның жағдайымен таныстыру керек. «Бұрынғы замандарда ұлы халық болғанбыз» деу де жеткіліксіз. Заманауи реформаларымыз, жоспарымыз, қол жеткізген табыстарымыздың да көрініс тапқаны жөн.  Ішкісіне қатысты айтсақ, бұл – жастарға, тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған жұмыстар шоғыры», – деді ол.

Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Дала елі» идеясы – халқымызды бірегей атаудың астына топтастырып, ортақ мақсатқа жұмылдыруды, өзіндік тарихы мен өркениеті, дербес болмысы мен мәдениеті қалыптасқан ел ретінде әлемге танытуды мақсат тұтады. Осыған кеңінен тоқталған Партия Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметов «Нұр Отан» партиясы мәдени және рухани құндылықтарды сақтап, ұлғайтуды өз Доктринасында басымдық ретінде белгілеп отырғанын атап өтіп, бұл жобалар Мемлекет басшысының «Ұлы Дала елі» идеясымен тұтастай үйлесім тапқандығын жеткізді. Елбасы ұсынған өміршең ұғымды жүзеге асыруда партия тарапынан бірқатар тың бастамалар қолға алынып жатқандығын мәлімдеді.

Атап айтқанда, «Нұр Отан» партиясы «Ұлы Дала елі» ұғымын білдіретін нышанның (логотиптің) қабылдануына өз үлесін қосып, дизайнерлер арасында конкурс өткізбек. Осы идеяны насихаттауға арналған республикалық іс-шаралар жоспарын әзірлеуді қолға алып, «Ұлы Дала өркениеті» бейнеэнциклопедиясын шығаруға сеп болмақ. Партиялық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Ұлы Дала өсиеті» желісімен халқымыздың кемеңгер тұлғаларының елдік пен бірлікті сақтау туралы айтқан даналық сөздерін жүйелі түрде насихаттамақ. Дала тарихы мен өркениетін, мәдениетін дәріптейтін қысқаметражды фильмдердің түсірілуіне ықпал етіп, әлеуметтік желілер арқылы таратуға мұрындық болмақ. «Жас Отан» Жастар қанатының шараларын «Ұлы Дала Елі» идеясымен үйлестіріп, «Жас Ұлан» қозғалысының жұмысын осы идеямен ұштастырмақ.

«Елбасы Халықтық бес реформада болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыруда мемлекет құраушы ұлт ретінде халқымызға ерекше жауапкершілік жүктелетінін атап көрсетті. Осы орайда «Мирас» қоғамдық кеңесі шежірелі тарихымыз бен бай мәдениетімізді түгендеуге, рухани құндылықтарымызды жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосып, бүкіл елдің мәдени-рухани өркендеуіне қызмет етіп келеді. Алдағы уақытта қоғамды ортақ идея шеңберіндегі бастамаларға жұмылдырып, жеткен жетістікті еселеу парыз. Бүгінгі кездесуде басты мақсат – өздеріңізбен осы мәселе бойынша ой бөлісу», – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Мемлекет басшысы ұсынған идеяның аясына қоғамды топтастыру жөнінде өз ұсыныс-пікірлерін білдірген мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Жолдасбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Б.Тілеухан, Халықаралық Түркі академиясының президенті Д.Қыдырәлі Елбасы Қазақстанның бейресми символдық атауын бүкіл әлем бойынша ілгерілету туралы тың міндет қойғандығын атап өтіп, бұл өз кезегінде Ұлы Даланың мол рухани байлығын қоғамдық санада жаңғыртуға бастайтын қадам деп бағалады.

Кеңестің күн тәртібіне қойылған екінші мәселе – Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы бойынша есепті ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі М.Әзілханов жасады. Ол өз сөзінде мемлекеттік бағдарлама аясында жоспарланған шаралардың атқарылуы жөнінде кең мағлұмат берді. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс жүргізу кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқандығын мәлімдеп, тіл саясаты саласындағы түйіндерді тарқатуда министрлік тарапынан ұсынылып отырған бастамаларды ортаға салды.

Кеңес отырысын қорытындылаған М.Әшімбаев маңызды мәселелер қаралған келелі жиында қатысушылар тарапынан құнды ой-пікірлер айтылғандығын, бұл ұсыныстар мемлекеттік органдарға тиісті шешім шығару үшін жолданатынын мәлімдеп, жиынға белсене қатысқан кеңес мүшелеріне алғыс білдірді.  

nurotan.kz  сайтынан алынды.

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
  • Монолог актера
  • Үш тұғырлы тіл туралы
(Жалпы 124 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Терминология-лық анықтамалық
Мекемтас Мырзахметұлы
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминдер мен ұғымдар
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[1] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[2] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[3] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер