Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті тарапынан Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» орыстілді азаматтар арасында мемлекеттік тілді насихаттау шаралары өткізілді.
Жобаның мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын біркелкілікке жеткізу үшін өңірлік алшақтықтарды еңсеруге басымдық беру, орыстілді азаматтарға мемлекеттік тілді насихаттайтын «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» кешенді шараларын өткізу және ұйымдастыру.
Шараларды өткізу барысында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары туралы ойлар ортаға салынды.
Шаралар 2 әлеуметтік топқа бағытталды. Біріншісі – өңірлердегі этно-мәдени орталықтардың өкілдері, екіншісі – оқу орындарындағы орыстілді студент және жұмысшы-жастар.
Жоба аясында аталған облыстарда үстіміздегі жылдың 15 қазанынан 6 қарашасына дейін кездесу, дөңгелек үстел, брифинг түрінде барлығы 39 шара өткізілді. Жобаның жұмыс тобы құрамында белгілі саясаткерлер және қоғам қайраткерлері, жергілікті жерлердегі Тілдерді дамыту және Ішкі саясат басқармаларының басшылары болды. Жобаның барлық шараларына белгілі қоғам қайраткері Д.Көшім жетекшілік етті.
Шаралар Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Риддер, Курчатов, Семей қалаларын, Бородулиха, Глубокое, Зырян, Шемонайха аудандары орталықтарын, Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларын, Успен, Железин, Павлодар, Шербақты, Ертіс аудандары орталықтарын, Қарағанды облысының Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларын, Осакаров, Абай, Бұхар жырау, Нұра аудандары орталықтарын қамтыды. Аталған шараларға шамамен 2 мыңнан астам өңір-азаматтары қатысты.
Қорытынды брифингке жоба жетекшісі, қоғам қайраткері Д.Көшім, белгілі саясаткерлер А.Сарым, Р.Жұмалы, Қарағанды облысының Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Қаңтарбекова, Павлодар облысының Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Қ.Еділбай қатысады деп күтілуде.
Қорытынды брифингте «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» жобасы аясында өткізілген шаралар қорытындыланады.
Мемлекеттік тілді насихаттау шараларының қорытындысы Астанада өтеді
(Жалпы 101 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)









Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.