Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

«Текті сөздің төресі-терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы

«Текті сөздің төресі-терме» республикалық жыршы-термешілер байқауының

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже
  1. «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізудің ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағытындағы «Тіл мәдениетін жетілдіру» тармағын, сондай-ақ 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.
  2. Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің жыл сайын тұрақты түрде өткізетін іс-шарасы болып табылады.
  3. Байқау ұлттық тәрбиемен халықтық өнерді насихаттау, қазақстандықтардың тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатында атқарылатын іс-шара болып табылады.

  1. Байқаудың өткізілу тәртібі 
  1. Еліміздің әр облыстарынан және Астана, Алматы қалаларынан бір қатысушы осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген тақырыптар бойынша Байқауға дайындаған бір термесін (немесе жырын) ү. ж. 12 қазанына дейін облыстық Тілдерді дамыту басқармалары арқылы ұсынады. Республикалық байқау Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілетін ауқымды іс-шаралардың аясында қазан айында өтеді.
  2. Жарыс жеңімпазын анықтау үшін өнерпаздардан, түрлі қоғамдық ұйымдардың мүшелері мен тіл жанашырларынан, қоғам қайраткерлерінен қазылар алқасы құрылады.
  1. Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар
  1. Байқауға жастары 16-ға толған өнерпаздар қатыса алады.

Байқаудың бір рет (бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орын) жеңімпазы болған термешілер (немесе жыршылар) 5 жылға дейін байқауға үміткер ретінде қатыса алмайды.

Байқаудың қатысушыларына мазмұндық бағдар ретінде төмендегі тақырыптар ұсынылды:

  • Іргесі берік ел – мықты (Қазақ хандығының 550 жылдығына орай);
  • Байлауы бекем бес ғасыр (Қазақ хандығының 550 жылдығына орай);
  • Батыр баба тарихы (Қазақ хандығының 550 жылдығына орай);
  • Өссе тілім менде бірге өсемін…;
  • Тіл – мәңгілік мұра;
  • Бірлігі жарасқан елдің – тірлігі де жарасады (тілдің үштұғырлығы);

Сонымен қатар қазақ халқының тілін, ділін, дінін, ұлттық тәрбиесі мен халықтық өнерін насихаттау бағытындағы жыр-термелерді  де орындауына болады.

  1. Терме (немесе жыр) мәтінінде тілімізге, дінімізге, ділімізге, сондай-ақ еліміздің Ата Заңына қайшы келетін, ұлт араздығын тудыратын немесе азаматтардың ар-намысына тиетін сөздер болмауы тиіс.
  1. Байқау шарттары
  1. Байқауға қатысушылар төмендегі шарттылықтарды сақтауы тиіс:
  • Орындалатын терме (немесе жыр) көлемі 5-10 минут;
  • Дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;
  1. Республикалық байқауға қатысушыларды облыс әкімдіктеріне қарасты Тілдерді дамыту басқармалары ұсынады.
  2. Республикалық байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде мына жайттарға мән береді:
  • шығарманың мағыналық тереңдігі;
  • өзектілігі мен маңызы;
  • шығарманың орындалу шеберлігі;
  • шығарманы орындаудағы дауыс мақамы;
  • тіл тазалығы;
  • сахна мәдениеті;
  • сахналық киім сәні;
  1. Жеңімпаздарға берілетін жүлделер
  1. Бас жүлде және жүлделі орындар мәні мен маңызы, мәтіннің ой тереңдігі бар, желісі жүйелі, сөзі өткір, терме (немесе жыр) табиғатына сай шығармалар үшін беріледі және қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 

(Жалпы 118 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Терминдер мен ұғымдар
Терминология-лық анықтамалық
Мекемтас Мырзахметұлы
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[1] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[2] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[3] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер