Ұлттың ұлылығын ұлықтайтын қасиетті жыр өнері қашанда биікте тұрары анық. Көкейіңе көрік сыйлайтын жыр-дастан, терме Алматыға ат басын бұрып, жүрегінен жыр төккен, дауысымен нұр сепкен термешілерді анықтады. Бас жүлде бас қалаға тиесілі болды.
Астаналық Нұрабаева Дина Қуанышқызы «Еділ мен Жайық екі өзен» термесін орындап, бас бәйгені қанжығасына байлады. Ерекше сазымен, әуенді назымен Ұзынағаш жұртын тәнті еткен Дина 500000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. 1-орын Оңтүстік астана – Алматы облысына бұйырды. Алматылық Елемесов Нұрсұлтан «Тіл-мәңгілік мұра» тақырыбында терме орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді. 2-орынды сыр елінің сүлейлерінен тәлім алған қызылордалық Сәрсенбаева Майра Алшынбекқызы «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай «Абылай хан» дастанын тебіренте орындап, барша қауымды тәнті етті. Атыраудан ат терлетіп келген Ідірбай Байбақты 3-орынға қол жеткізді.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 13 қатысушы «Текті сөздің төресі – терме» республикалық байқауында тартысты бәйге көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шықты. Ынталандыруға ие болған 9 қатысушы 50000 теңгеден қоржындарына салды.









Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.