Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы 2015 жылғы 22-23 қазанда Қарағанды қаласында «Тіл – тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды қолдау, ынталандыру, сонымен қоса, еліміздегі үштілді кеңістікті насихаттау, жастардың көптілді меңгеру үдерісін көпшілікке таныту. Байқауға 16 мен 22 жас жас аралығындағы жастар қатысты.
Олимпиаданың үш кезеңінде қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде берілген тақырыптардың мазмұнын ашу, үш тілде сауатты сөйлеу және мәтіндерді ағылшын және орыс тілінен қазақ тіліне аудару кезінде орфоэпиялық сауаттылығының сапалық деңгейі бойынша білімдері ескерілді.
Олимпиада жеңімпаздарын тілші ғалымдардан құралған қазылар алқасы анықтады.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес үш тіл бойынша тіл білгірлері дипломдар, алғысхаттар және де ақшалай сыйлықтармен марапатталды.










Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.