2015 жылдың 27 қараша күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы орыс жастары арасындағы «Тіл – парасат» қазақ тілі білгірлерінің республикалық байқауын өткізеді. Аталған шараға еліміздің барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан қалалық, облыстық деңгейлердегі байқаулардың жүлдегерлері қазақ тілін еркін меңгерген орыс жастарының өкілдері қатысады. Байқау ережесіне сәйкес байқау мынадай тапсырмалардан тұрады: –Ұсынылған тақырып бойынша ауызша тұсаукесер; –Таңдалған билеттегі тақырып бойынша қазақша эссе жазу; –Берілген тақырыптар бойынша диалог құру; –«Шабыт жұлдызы» атты шығармашылық тапсырма; Байқау қатысушыларының жұмысы мен жеңімпаздарын зиялы қауым өкілдері мен ғалымдардан құралған қазылар алқасы бағалайды және анықтайды. Республикалық байқау жеңімпаздары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің дипломдарымен және алғыс хаттармен, басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталады. Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласуға болады: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті және Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы.
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір
(Жалпы 149 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)








Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.