«Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды»- демекші, ана тіліміздің, яғни ресми айтатын болсақ, мемлекеттік тіліміздің қоғамдағы рөлі жайында ақпарат құралдары беттерінде қанша айтылып жатса да қара көздеріміздің санасына жеткізу қиының қиыны болып тұр. Бұлай деуіміздің басты себебі күнделікті өмірде ТІЛГЕ байланысты кездесетін келеңсіз жайттар адамға түрлі ой салады екен. Мен көбіне қалада қоғамдық көліктің қызметін пайдаланатын адамдардың қатарынанмын. Күн сайын осы көліктің ішінде тіліміздің мәртебесі күннен-күнге қарыштап, қолданылу аясының кеңге қанат жайғанының куәсі болудың орнына керісінше көлікке әр мініп түскен уақытта өзіңнің қайда жүргеніңді ұмытып кететін жайттар жиі орын алады. Қазір… Толығырақ →
