Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті тарапынан Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» орыстілді азаматтар арасында мемлекеттік тілді насихаттау шаралары өткізілді. Жобаның мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын біркелкілікке жеткізу үшін өңірлік алшақтықтарды еңсеруге басымдық беру, орыстілді азаматтарға мемлекеттік тілді насихаттайтын «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» кешенді шараларын өткізу және ұйымдастыру. Шараларды өткізу барысында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары туралы ойлар ортаға салынды.… Толығырақ
Осы орайда Астанада журналистердің тіл және сөйлеу мәдениеті жөнінде 2015 жылдың 11 қарашасы күні Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, «Конституция» мәжіліс залында «Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» атты семинар-тренинг өтті. Толығырақ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, 2015 жылғы 11 қарашада «Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл нормалары мәселелері» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді. Толығырақ