Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Вы доминируете нас…

«Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды»- демекші, ана тіліміздің, яғни ресми айтатын болсақ, мемлекеттік тіліміздің қоғамдағы рөлі жайында ақпарат құралдары беттерінде қанша айтылып жатса да қара көздеріміздің санасына жеткізу қиының қиыны болып тұр. Бұлай деуіміздің басты себебі күнделікті өмірде ТІЛГЕ байланысты кездесетін келеңсіз жайттар адамға түрлі ой салады екен. Мен көбіне қалада қоғамдық көліктің қызметін пайдаланатын адамдардың қатарынанмын. Күн сайын осы көліктің ішінде тіліміздің мәртебесі күннен-күнге қарыштап, қолданылу аясының кеңге қанат жайғанының куәсі болудың орнына керісінше көлікке әр мініп түскен уақытта өзіңнің қайда жүргеніңді ұмытып кететін жайттар жиі орын алады. Қазір қоғамдық көліктердің салонында көбіне аялдамалар екі тілде айтылғанымен, радио торабынан берілетін түрлі жарнамалардың
70-80 пайызы орыс тілінде айтылады. Кондукторлардың да басым көпшілігі орыс тілінде сөйлейді, сондай-ақ қазақ тілінде сөйлейтін бауырларымызда қолданысқа жаңа тіркестер кіргізіп жібергенін қайтерсің?! «Жол ақыларыңызды ұзатып жіберіңіздер», «Арқадағылар жол ақысын беріңіздер!»- деген сияқты.
Жаздың бір жайма шуақ күнінде республика даңғылы бойынан Промышленный кенті бағытына жүретін №2 автобусқа отырған едім. Автобустың ішінде аса көп адам болмаса, жаздың ыстығы кімге болса да жайсыздық тудыратыны белгілі құбылыс. Ал 4-5 жастағы балалар үшін жаздың аптап ыстығы ересектерге қарағанда әлдеқайда қиын. Міне сондай бір мазасызданған сәбиді алдына алып отырған жасы 60-тан асып кеткен анамыз жаңағы тынышсызданып жылаған немересін орыс тілінде біресе еркелетіп, біресе зекіп айтқанына көндіре алмады. Сөйткен уақытта соларға жақын тұрған маған көзі түсіп кетті де, немересіне орыс тілінде «қазір ағай ұрсады» деп қорқытпақ болды. Мен күліп ағайы немереңізге емес, сізге ұрсады дедім. Сол кезде анамыз сол баяғы әуенімен «не үшін?» деген сыңаймен маған қарады. Мен айтам «мына немереңізді өзінің ана тілінде уатсаңыз әлдеқашан қояр еді», дедім. Ойымда басқа ешнәрсе жоқ, анамыз кешір балам деп әрі қарай қазақша сөйлер деп ойласам, мен қателесіппін. Анамыз қатуланып немересінің мазасызданғанын ұмытып кетіп маған біз өзіміз білеміз қай тілде сөйлесек те деп, бір қайырды да «Вы доминируете нас…», деп әрі қарай біраз әңгіменің басын қайырды. Сосын мен жан-жағыма қарасам мені қолдар бір қазақ жоқ. Ал әлгі апамыздың алдында отырған орыстың қарт кемпірі маған бір, оған бір қарады да терезеге басын бұрып, мырс етті. Менің бар айтқаным сонда сіз не қазақ емессіз бе? – деп ызалы көзбен бір қарадым да, автобустың бас жағына барып өз-өзіме әзер келдім.
Ағайын сіз не дейсіз?….
Елбасымыздың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», – деген сөзінде қайран қазағым құлағына ілмегені ме?

Ғалым Төлегенұлы

(Жалпы 114 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Терминология-лық анықтамалық
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминдер мен ұғымдар
Мекемтас Мырзахметұлы
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[1] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[2] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[3] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Шілде (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Мау    
  1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Профиль
Соңғы пікірлер