Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Орыс жастары қазақ тілінен сайысқа түсті

Үстіміздегі жылдың 27 қарашасы күні  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы орыс жастары арасындағы «Тіл – парасат» қазақ тілі білгірлерінің республикалық байқауын өткізді. Қазақтың тілін сүйіп оқып, тарихымен танысып, әдебиетін сусындап өскен орыс жастары қазақ тілінде еркін ойын жеткізіп, өнерін ортаға салды. Өнерімен ерекше көзге түсіп, сөзімен топта сарнаған Ақмола облысынан келген  Мурашова Дина Дмитрийқызы бас жүлдені қанжығасына байлады. Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатуда үлес қосып жүрген Дураченко Галина Сергейқызы (Шығыс Қазақстан) және алматылық Степанова Диана Александрқызы

І орынға ие болды. Өз тілін құрметтеп қана қоймай, өзге тілдің өрісінде еркін

жүзіп, мәдениетін тарқата сөйлеген Дедович Ольга Андрейқызы (Атырау облысы) ІІ орынға қол жеткізді.  Киелі үш санына табан тіреген Фадейкина Валерия Иванқызы Оңтүстік Қазақстан облысынан келіп,  барша көрерменді өнерімен тәнті етті.  ІІІ орынды олжалап, облысына сый-сыяпатпен қайтты.

Аталған байқауға қатысқан 13 өнерпаздың ішінен  3 қатысушы ерекше көзге түсіп, белсене қатысқаны үшін арнайы алғысхатпен марапатталды.  Қалған 5 қатысушы қатысқаны үшін алғысхат алып, 60000 теңге көлемінде сыйақы алды.

         Байқау барысы ІІІ кезеңде өтті. «Шабыт жұлдызы» кезеңінде өнерімен көрерменді баураған қатысушылар тыңдарманға танымды кеш, қызықты сәт сыйлады. 

 

(Жалпы 118 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Терминология-лық анықтамалық
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминдер мен ұғымдар
Мекемтас Мырзахметұлы
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[1] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[2] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[3] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Шілде (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Мау    
  1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Профиль
Соңғы пікірлер