Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеттің аға оқытушысы, лингвист Дмитрий Петров әлемнің 30 шақты жаңа және көне тілдерін әртүрлі деңгейде меңгерген. Қазақ тілін екі аптада үйренуге болады деген тұжырымын қазақ тілінің менталитетін түсінудің маңызы мен соған қалай ену жайлы жалғастырады. Енді сөз кезегін Д. Петровтың өзіне берейік:Алдыңғы әңгімемізде біз сіздермен қазақ тілінің базалық кестесі жайлы айттық. Біріншіден ең бастысы деп, оның ішінде ядро бола алатыны етістік пен есімдіктің құрылымдары дегенбіз. Сол бастыларынсыз, яғни, етістік пен есімдіксіз ешқандай сөйлем құрауға болмайды. Және тағы бір жағдайды айта кеткім келеді. Бірінші, тілді меңгеруде базалық құрылымды білу, оның ішінде етістіктің құрылымы негізінде есімдіктің құрылымы мен оларды құрамдастыру және белгілі бір құрылым жасау қандай мүмкіндіктер ашады. Барлық жағдайда қазақ тіліне де қатысты бұл құрылымдар жеткіліксіз, әрине ең маңыздысы, сол тілдің менталитеті мен тілдің логикасын түсіну керек. Толығырақ
Жасырып қайтеміз, біздің ана тіліміз заң жүзінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болғанымен, әлі күнге еңсесін тіктеп, қанатын кеңге жайып кете алған жоқ. Ана тіліміздің болашағына алаңдап, қайтсек жағдайды түзейміз деп бас қатырып, айғай сап алаңға шығып, биік мінберлерден жалынды ұрандар айтып жатқан азаматтарды да көріп жүрміз. Тілдің қолданыс аясын кеңейтуге өз әлінше үлес қосып, қазақ тілінде мектеп, колледж, университеттерге керек оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, үнсіз игі істер тындырып жүрген зиялы азаматтар да бар. Қаншама жылдан бері қазақ баспасөзінде қалам ұстап жүрген менің де бұл мәселеге қабырғам қайысады. Толығырақ
Нарықтық кезең белең алған шағында, ақпарат майданы қайнап тұр. Әсіресе, жарнамасыз кез келген адам жүрмейтін, күлмейтін, сөйлемейтін халге жеттік. Тіпті қарапайым ғана орыстың мысығы мен иті жарнамада жүргеннен кейін айтуға сөз, жазуға қол бармайды. Толығырақ