«Текті сөздің төресі-терме» республикалық жыршы-термешілер байқауының
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ереже
- «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізудің ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағытындағы «Тіл мәдениетін жетілдіру» тармағын, сондай-ақ 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.
- Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің жыл сайын тұрақты түрде өткізетін іс-шарасы болып табылады.
- Байқау ұлттық тәрбиемен халықтық өнерді насихаттау, қазақстандықтардың тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатында атқарылатын іс-шара болып табылады.
Толығырақ →