Құрметті сайт оқырмандары! Егер Сіз 14-20 жас аралығында және қазақ тілінде оқитын болсаңыз, сайыстан қапы қалмаңыз. Ол үшін орыс тілін терең біліп, аталмыш тілді еркін меңгергеніңіз жеткілікті. Толық ақпарат алу үшін, «Ой-сана» орыс тілі білгірлері VIІ республикалық байқауының ережесімен таныс болыңыздар. Толығырақ
Жуырда Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы 2012 жылғы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» республикалық байқауын өткізді. Еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан, барлығы 16 үміткер қатысқан шарада Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» оқытушысы Жұматаева Раушан Талатбекқызы бірінші орынды иеленген болатын. Толығырақ