2014 жылы Астана қаласында өткен «Тіл мерейі» республикалық байқауының бас жүлдегері. Доспанова Айткүл Масақбайқызы 1977 жылы 16 қарашада өмірге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.
1996 жылы Қостанай педагогикалық колледжін бастауыш сынып мұғалімі ретінде тамамдаған.
2003-2006 жылдар аралығында Жамбыл орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
2008 – 2013 жылдары Қостанай қаласындағы №9 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
2013 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін
Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқытудың облыстық орталығы» КМҚК-нда қазақ тілінің оқытушысы болып қызмет атқарады.
Жетістіктері: 2004 жылы Қостанай қаласында өткен облыстық «Жыл мұғалімі» байқауында үздік ІІ орынына лайықталса, 2014 жылы Астана қаласында өткен «Тіл мерейі» республикалық байқауының бас жүлдесін иеленді.
Өмірлік ұстанымы: Мақсатына қол жеткізу, әрдайым ізденісте болу.









Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.