Сыдыкова Ляйля Казезовна
Өскемен қаласы әкімдігінің «№5 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуі үлкен көрегендіктің белгісі. Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар аударуымен айқындалып отыр.
Қазіргі кезде дамыған егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгеріп, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде, әрине мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі болып саналады.
Қазақстан халқының ең ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың 2050 жылға дейінгі бағыт-бағдарын айқындайтын тарихи құжат «Қазақстан-2050» Стратегиясын жария етті.
Елбасымыз өз жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» деген. Ғылым мен техниканың жедел дамып, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда, ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту, сыни тұрғыдан ойлау, білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі, білім сапасын арттыру. Осы мәселені шешу барысында білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру қажет. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті. Ал инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі болып табылады.
Жалпы «Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол – «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi екен. Ал, Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым, Немеребай Нұрахметов екен. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жүктемесінде инновацияны қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын). Қазіргі таңда ұстаздар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Бұл дегеніміз, өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Менің ойымша, қазіргі оқытушы біртұтас оқу-тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет. Сол сияқты оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Егерде, осы атап өтілген іс-әрекеттердің барлығын дерлік мұғалім өз жұмысында, іс-тәжірибесінде қолдана алса, оқу үрдісіндегі білім сапасының артуына көмегін тигізер еді деп ойлаймын. Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасауда:
Қазіргі кезде оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық педагогикалық технологиялар мыналар:
-дамыта отырып оқыту әдістемесі, тірек және тірек конспектілер арқылы оқыту, деңгейлеп оқыту технологиясы, тесттік жүйемен оқыту, мультимедия мүмкіндіктерін қолданып оқыту, ойын технологияларын қолдану, дискуссия, панорама, дебат, саяхат сабақтары, «Алты қалпақ» технологиясы, жоба әдісі, лекция, семинар, «Мозайка» сабақтары т.б.
Аталған инновациялық технологияларды мүмкіндігімізше өз пәнімізде қолдансақ болашақ маман иесі тәжірибелі ұстаз болатындығына сеніммен қараймын.




Тіл – барлық білімнің кілті





Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.