Соңғы жазбалар
  • Мемлекеттік қызметшілерге сертификат табысталды
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Мемлекеттік тілді оқыту сапасын арттырудағы әдістемелік жұмыс жүйесінің маңызы

Қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ұлы педагог Ахмет Байтұрсынов:

«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ.

Олақтық, яғни жалқаулық белгісі – бір ғана әдісті білу,

шеберліктің белгісі – түрлі әдісті білу, қажет болса жоқ әдісті табу да қолынан келу.

Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», – деп жазған еді.

Бұрынғы дәстүрлі сабақтарда мұғалімге, оқытушыға басымдылық берілсе, ал жаңа педагогикалық технологиялар бойынша өткізілетін сабақтарда оқытушының негізгі көңіл аударатын жайы – ол әрбір тыңдаушының (ересек адамдардың) жеке қызығушылығы мен ынта-ықыласын ескере білу болып табылады. Егер оқытушы өз пәнін жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де тиімді пайдалана алады. Сондықтан қазіргі жаңашыл педагог әдіс-тәсілдердің тиімдісін өз еркімен тайдайды. Бір сабақты бірнеше әдістерді пайдалана отырып өткізуге де болады.

Қазіргі жаһандану үдерісі (процесс глобализации) басталғалы тілдік қатынас мәселесіне, тілдерді тиімді оқыту амал-тәсілдеріне үлкен мән берілуде. Тіл тек тілдесу құралы ғана емес, ол – тіл иесі халықтың мәдениетін, ұлттық ерекшелігін білдіретін құрал.

Мемлекеттік тіл – балабақша, мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында жалпыға бірдей міндетті білім беру талаптарына сай оқытылып, үйретіліп келеді. Ал аталған білім беру сатыларынан өткен, бүгінде қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілерге (ересектерге) қазақ тілін деңгейлік жүйеде жеделдете оқыту – уақыт талабы. Оқытудың  мазмұны тілді  үйренушінің  мақсатынан  туындайды. Тіл үйренушінің басты мақсаты және арманы – сол тілде өз ойын жеткізе алатындай дәрежеде игеру. Осыған байланысты қазіргі кезеңде тілді үйретудің әлемдік практикасында ең тиімді бағыт – ол тілді деңгейлер бойынша оқытып үйретудің әдістемесі алдыңғы қатарға шықты.

Мемлекеттік тілді оқыту мен меңгерудің әдістемесін жетілдіру мәселесі әлі күн тәртібінен түскен жоқ, әсіресе кейінгі жылдары өткір қойылып отыр.

 Екінші бір тілді шет тілі ретінде оқыту тәжірибесі пайда болғаннан бері адамзат баласы оны тиімді жүргізудің түрлі әдістері мен амал-тәсілдерін ойлап табу жолында ізденістер жүргізуде.  Тілді оқыту әдісі үнемі бір орында тұрмайды. Ол заман талабына қарай өзгеріп, дамып отырады. Тілді үйрету деген кезде сол тілдегі мәтіндердің барлық түрін толық меңгеріп, терең талдау жасай алуға емес, қарапайым ғана қатысым деңгейінде меңгертуге қол жеткізу болып табылады.

Әдіс – белгілі бір ғылымның теориясын сапалы және тиімді түрде жүзеге асыру үшін іс жүзінде қолданылатын іс-әрекеттердің жинақталған жүйесі.

Қандай болмасын әдістің бәріне тән ортақ қасиет: ол оның практика арқылы жүзеге асуы.

Мысалы, қазақ әдістемесінде тың мәселені көтерген Ф.Ш.Оразбаева оқыту әдістерінің барлық түрлеріне қатысты ерекшеліктерді меңгерген қатысым әдісін ұсынды. Қазақ тілін оқытуда атқарылатын қатысымдық тапсырмалардың кешенін:

1)          мәтінмен жұмыс;

2)          жаттығу жұмыстары;

3)          шығармашылық жұмыстар;

4)          рөлдік ойындар;

5)          жағдаяттық тапсырмаларды құрайды.

 Оқытудың жалпы әдiстерiне оның тарихи даму тұрғысынан қарайтын болсақ, өзге тiлдi оқыту әдiстемесi төмендегi үш әдiске сүйенетiнiн байқаймыз:

1) аударма әдiсi;

2) натуралды немесе екiншi тiлдi тiкелей (тура) оқыту әдiсi;

3) аралас әдiс.

Натуралдық (тікелей оқыту) әдісінің сипаты:

  1. Сабақ үйреніп отырған тілде жүргізіледі;
  2. Күнделікті қолданылатын сөздер мен сөйлем формалары беріледі;
  3. Оқытушы – тіл үйренуші, тіл үйренуші – тіл үйренуші арасында коммуникациялық дағдыға арналған жаттығулар жасалынады;
  4. Грамматика индуктивті әдіс арқылы түсіндіріледі;
  5. Үлгі көрсету және тәжірибе жасау арқылы үйрету ісі жүргізіледі;
  6. Жаңа сөздер иллюстративті материалар арқылы енеді;
  7. Тыңдалым және қабылдау бірлікте жүргізіледі;
  8. Дұрыс дыбыстау мен грамматиканы сөйлеу барысында қолдана алу жағына баса назар аударылады.

Әдісті жүзеге асыру тәсілдері:

  1. Дауыстап оқу;
  2. Сұрақ-жауап әдісі;
  3. Тіл үйренушілердің өз қателіктерін өздері түзетуі;
  4. Сөйлесу жаттығулары;
  5. Бос орындарды толтыру;
  6. Диктант;

Натуралдық әдісті жүзеге асыру үшін тілдік орта қажет. Қазақ тілін үйрену үшін тілдік орта жоқ деген сөзді жиі естиміз. Біздің елімізде басқа шет тілдерді оқытып, үйрету үшін тілдік ортаның жоқ екені рас. Ал Қазақстанда тұрып жатқан кезде, басқаша қандай тілдік орта туралы айтуымыз керек? Шет тілдерді үйретуде натуралдық әдісті қолданудың мүмкіндіктері шектеулі, ал өз елімізде тұтас бір ұлт сөйлеп отырған мемлекеттік тілді үйретуде ең негізгі әдіс – натуралдық әдіс болуы керек.

Ол үшін тіл үйренушілер тілдік ортаға өздері сұранып, іздеп барып кіретіндей қажеттілік тууы керек.

Екінші тілді оқытуда болашағы бар бағыт – коммуникативтік бағыт болып табылады. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретудің ұтымды жолы – қатысым әдісі арқылы оқыту

 Коммуникация (лат. Communicatio – байланыс, қатынас) – араласу, ойлармен, идеялармен, деректермен бөлісу т.б.

1) Қатынас жолы, бір орынның екінші жақпен байланысы;

2) Сөйлесу, ақпарат беру.

Қатысым үрдісінде ақпарат алмасу іске асырылады, қарым-қатынасқа түсушілердің әрқайсысы үшін ақпараттың маңыздылығы үлкен рөл атқарады. Себебі адамдар өзара сөз алмасып қана қоймайды, сондай-ақ, ортақ мәмілеге келуге тырысады. Ақпарат жай қабылданып қана қоймай, түсініліп, терең сезілгенде ғана ортақ мәмілеге келу, тіл табысу жүзеге асады. Сол себепті кез-келген қатысым үрдісі іс-әрекет, қарым-қатынас, танымнан тұрады.

Қатысым уәжінің қалыптасу жолдары:

  1. Үйренетін тілде телебеғдарламалар көру, радиобағдарламалар тыңдау, оларды талдау;
  2. Көркем әдебиет, баспасөз материалдарын оқу, оқығаны туралы әңгімелесу;
  3. Сол тілдің атақты өкілдерімен кездесу, әңгімелесу;
  4. Сол тілде ғана сөйлеуге арналған жазғы лагерьлерге қатысу.

Грамматикалық формулалар арқылы оқытудың тиімділігі:

–             Дайын формула тіл үйренушінің көз алдында сақталып қалады;

–             Формула арқылы кез-келген өзі білетін, сөздерін грамматикалық дайын қалыптарға салып, оларды тіркестіріп, сөйлемдер құрай алады;

–             Сөздікпен жұмыс  белсенді түрде жүзеге аса бастайды;

–             Тіл үйренушілердің өздеріне деген сенімдері, қызығушылықтары арта түседі.

Сөзімнің соңында теорияны өз тәжірибемде қолданып жүрген бірнеше әдіс-тәсілдер арқылы сіздермен бөліскім келеді.

Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте… деп ақын Қадыр Мырзалиев жырлағандай, өз тіліміздің мәртебесін көтерудегі жұмысымыз жемісті болсын!

 

Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының

«Тілдерді оқытудың облыстық орталығы» КҚМК оқытушысы

2014 жылғы «Тіл мерейі» республикалық байқауының бас жүлдегері

Айткүл Масақбайқызы Доспанова

(Жалпы 410 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминология-лық анықтамалық
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминдер мен ұғымдар
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[1] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[2] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[3] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер